Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасының волонтерлер буыны

«Жеңіс» жобасының волонтерлер буыны

12.06.2023 738 0



«Волонтерлер – жайлы да, жағымды жайды жасай алатын керемет адамдар. Волонтерлік – бұл өмір салты. Осы әлемге терең батып, сіз өзіңізді өзгертесіз. Мейірімділік отбасынан басталады, сондықтан мен өз үлгіммен балаларыма жақсылық жасауды көрсетуге тырысамын!», - дейді «Жеңіс»  жобасының волонтері, екі сұлу қыздардың анасы Жанна Тукубаева.

Жанна ерекше білім беруді қажет ететін жүйке-психикалық бұзылыстары бар тәрбиеленушілерге арналған «Мархабат»  түзету балабақшасының директоры болып қызмет атқарады.
Жанна өз әрекеттері мен шешімдерінде «Сұлу – сырт келбетімен сұлу емес, мейірімді жан дүниесімен сұлу!» қағидасын басшылыққа алады және де өмірдің қиын жағдайларына тап болған адамдарға көмектесуге әзір.

«Өмірге келген сәтімнен мені әжем асырап жеткізді сондықтан мен қарт адамдарды қатты сыйлаймың әрі бағалаймын», – дейді Жанна өз әңгімесінде.



Жаннаның үлкен қызы, жас волонтер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейінің «Жас Ұлан» ұйымының «Мәдениет және өнер министрі»  9А сынып оқушысы Сымбатқызы Азиза өз тәжірибесінде былай дейді:
«Волонтерлік жаныма жақын, мұқтаж адамдарға әрқашан көмектескім келеді, мұндай жақсы істермен айналысқан маған ұнайды. Алдағы уақытта осындай игі істерге қатысуға дайынмын».



Жанна волонтерлікке енді ғана қадам басып ойланып жүрген жастарға осыдан бастауға кеңес береді: Жақсылық жаса! Мейлі аз болса да жақсылық жаса, жақсы істер жаса. Көліктегі орныңызды береңіз де, қол ұшын созыңыз, жол беріңіз, қиын жағдайда көмектесіңіз!

«Жеңіс»  жобасын
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ іске асыруда.

Жобаға қатысуға ниет білдірген Өскемен қаласының волонтерлері төмендегі телефон нөмірі арқылы хабарласа алады: +7 (705) 529-00-95 Гүлнар немесе жоба үйлестірушісі Меруерт: +7 (705) 116-38-36.


Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена