Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы арқылы ардагерлерге әрқашан көңіл бөлінеді – волонтер

«Жеңіс» жобасы арқылы ардагерлерге әрқашан көңіл бөлінеді – волонтер

11.01.2023 879 0

Бүгінде Түркістан облысында ІІ дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 154 болса, 5 мыңнан астам тыл еңбеккері бар.  Облыстағы соғыс ардагерлерінің басым бөлігі – Қазығұрт ауданының тумасы. Бұл аймақта 100 жастан асқан 4 майдангер тұрады. Ауданда осыдан 35 жыл бұрын құрылған Ардагерлер ұйымы бар. Ұйымның негізгі мақсаты – қарт адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ, материалдық және моральдық тұрғыдан қолдау білдіру. Қарттар қоғамдық мәселеден өзге, мемлекеттің саяси-қоғамдық өміріне де белсене араласып жүр. 

Ал «Жеңіс» жобасы Қазығұртта 2018 жылы басталды. Аудан волонтерлері ардагерлерге үйін күтіп ұстауға, ағаш-көмірін кіргізуге, қажетті дәрі-дәрмек немесе азық-түлігін әкеліп беруге көмектесіп келеді.

«Жеңіс» жобасының жетекшісі 33 жастағы Сардор Исманов мектеп жасындағы волонтер жастардың ардагерлермен кездесуі оларға үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдауға мүмкіндік беретінін айтты.

Бастапқыда жобаға жетекшілік етуге ұсыныс түскенде, күнделікті жұмыстан бөлек ардагерлермен көрісіп және оларға көмектесу үшін бірден келістім. Кейде біз ардагер жандарды тек Жеңіс күні ғана еске алып, сол күні көмектесеміз. Ал бұл жоба қарияларға қажеттілігіне қарай жиі барып, жағдайларын біліп отыруды көздейді. «Жеңіс» жобасы шеңберінде мектеп жасындағы еріктілермен жұмыс істеп келемін , - дейді жоба жетекшісі Сардор Исманов.

Соғыс ардагерлеріне әрқашан көңіл бөлуді көздейтін жоба әр өңірде жалғасын тауып келеді. Оларға ата-әжесіндей қарайтын волонтерлердің қатары көбейсе, ғұмыры қиындықпен өткен қариялар үшін бақыт іспеттес. Қазығұрттық волонтерлер ардагерлерге көмек қолын созып, олардың ақ батасын алуды жалғастыра береді.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 723 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2736 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1234 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена