Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында сегіз мың жас волонтер жұмыс істейді

Жамбыл облысында сегіз мың жас волонтер жұмыс істейді

23.12.2021 835 0

Жамбыл облысындағы волонтерлік ұйымдар өз қызметінің аясын кеңейтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жыл сайын біздің облыста волонтер болғысы келетіндер саны артып келеді. Бүгінгі таңда өңірде волонтерлік қызметпен 30 ұйым айналысады. Олардың құрамына сегіз мыңнан астам волонтер кіреді. Облыста волонтерлік қызметті дамыту үшін жыл басынан бері кешенді жұмыстар жүргізілуде. Көптеген жобалар жүзеге асырылды, ауқымды іс-шаралар өткізілді», - ішкі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Волонтерлік топтар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен мекемелерінде, сондай-ақ, қалалық және аудандық ресурстық орталықтарда құрылған. «2019 жылдан бастап облыста 15 «Қамқор» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді. Осы қайырымдылық жоба аясында 12 мың отбасы 42 мың тонна киім алды. Волонтерлік жұмысты жандандыру үшін облыста 2 429 іс-шара өткізілді, оған 50,8 мыңнан астам адам қатысты», - деп атап өтті спикер.

Пандемия кезінде Жамбыл облысының волонтерлер қозғалыстары қамқорлық пен қолдауды қажет ететін, жалғыз басты, қарт, әлеуметтік осал адамдарға көмек көрсету жұмыстарына бірігуді шешті. Осындай қиын кезеңде волонтерлер шетте қалмады. Өңірде «Тағзым», «Асар», «Темірқазық», «Жібек жолы жастары», «Ақ Сұңқар», «Қамқор» қайырымдылық жобалары шеңберінде волонтерлік жұмыспен айналысатын жастардың, жоғары оқу орындарының көптеген студенттер топтары құрылды. Олардың қызметін «Әулиеата жастары» өңірлік волонтерлер штабы біріктірді. Сонымен қатар, волонтерлер қоғам жағдайына әлеуметтік мониторинг жүргізеді, аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын талдайды, Жамбыл облысының аз қамтылған және көп балалы отбасыларының әлеуметтік картасын жасау үшін отбасылардың әлеуметтік жағдайын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, деп түсіндірді Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы. Басқарма мәліметінше, Жамбыл облысында жастар саясатын жүзеге асыруға 2021 жылға 767,2 миллион теңге бөлінген.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/vosem-tysyach-molodyh-volonterov-rabotayut-v-zhambylskoy-oblasti_a3876341

 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 309 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 213 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4314 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена