Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар 2021 жылы волонтерлердің ел экономикасына қосқан үлесі кемінде 2,3 млрд. теңгені құрады

2021 жылы волонтерлердің ел экономикасына қосқан үлесі кемінде 2,3 млрд. теңгені құрады

25.01.2022 1228 0

2021 жылы волонтерлердің ел экономикасына қосқан үлесі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2021 жылға арналған орташа айлық жалақы есебімен есептегенде кемінде 2,3 млрд.теңгені құрады. Бұл қорытынды волонтерлердің өңірлік фронт-офистері ұсынған деректеріне және өңірлерде өткізілген (2021 жылғы шілдеден желтоқсанға дейінгі) іс-шаралар бойынша ай сайынғы есептеріне және 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы Волонтерлік туралы талдамалық баяндамада ұсынылған деректерге негізделеді.

РФО (Волонтерлердің Республикалық фронт-офисі) деректері бойынша Қазақстанда барлығы 491 волонтерлік үкіметтік емес ұйым және 1658 волонтерлік бастамашыл топ бар, яғни тіркелмеген бастамашыл топтар волонтерлік бірлестіктердің жалпы көлемінің 77,15%-ын құрайды. Сондай-ақ, елімізде тұрақты волонтерлік қызметке тартылған волонтерлер саны - 116694. Тек 6 ай ішінде (2021 жылғы шілде-желтоқсан) Қазақстан Республикасында волонтерлер 453 889 сағат жұмыс істеді.

Орташа алғанда, волонтерлер айына 75 500 сағаттан астам уақыт жұмсайды, бұл 40 жалдамалы қызметкердің жылдық жұмыс уақытына тең. Келтірілген барлыө статистикалық көрсеткіштер РФО деректеріне ғана сүйеніп жазылғанын айта кеткен жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланып, елдегі волонтерлікті жаңа күшпен дамытудың бастапқы нүктесіне айналғанын еске саламыз.

Біздің еліміздегі волонтерлік туралы көбірек қызықты ақпаратты біздің кітапханадағы Талдамалық баяндамадан біле аласыз: https://qazvolunteer.kz/ru/library

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена