Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Волонтерлердің жазғы мектебі 2022» жобасының түлегі «Демеу» конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды

«Волонтерлердің жазғы мектебі 2022» жобасының түлегі «Демеу» конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды

07.10.2022 1813 0

Достар! Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз! 🤩
Зерендіде өткен «Волонтерлердің жазғы мектебі 2022» жобасының түлегі атыраулық волонтер Мейрамгүл Есниязова @mirra_esniazova Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы ұйымдастырған волонтерлерге арналған «Демеу» конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды 🤩🥳
Мейрамгүл Есниязова конкурсқа «Ғажап күн» жобасын ұсынған болатын. Жоба ертегі терапия мен құм терапиясын біріктіре отырып, әлеуметтік осал топ балаларына қолдау білдіруге арналған. Енді Атыраудың 5-12 жас аралығындағы балалары ертегілерді аудио арқылы тыңдай отырып, ертегі желісін немесе кейіпкерлерін құмға сурет салу арқылы бейнелейтін болады 😍
🛎 «Бұл жобаның маңыздылығы – балалардың сөйлеу дағдысы қалыптасады, диалогқа түседі және халық ертегілерін тыңдап, кейіпкерлердің жақсы-жаман қасиеттерін ажыратады. Әр ертегінің соңы қуанышпен аяқталады, балалар мейірімділікке, қайырымдылыққа үйренеді, ал құмға сурет салу балалардың жүйке жүйесін жақсартады. Жоба қазан айында бастау алды. Айына 20 баламен шығармашылық жұмыс жасау көзделген», - дейді белсенді волонтер.
Мейрамгүл Есниязованың толық сұхбаты:

Дереккөзі: https://www.instagram.com/p/CjZts01qfDm/?utm_source=ig_web_copy_link 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3379 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2630 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена