Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер азаматтық қоғамның белсенді дамуының бөлігіне айналды - Мадияр Қожахмет

Волонтерлер азаматтық қоғамның белсенді дамуының бөлігіне айналды - Мадияр Қожахмет

09.09.2020 1318 0

Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет «Даму оқиғалары: іштен көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференцияның ашылуында волонтерлер жылы аясында волонтерлер ұйымдарын дамыту үшін 40 жүйелік іс-шара жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы қиын кезеңде волонтерлер халық алдындағы ерекше азаматтық әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсетті. Біздің министрліктің көзқарасы: волонтерлік тек көмек көрсету ғана емес, бұл адамдар үшін өзінің адами және көшбасшылық қасиеттерін көрсетудің негізі. Қазіргі уақытта жаңа форматтағы азаматтық қоғамды қалыптастырудың жаңа тәсілдері маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, волонтерлер қызметіне инновацияларды енгізу волонтерлердің жұмысын айтарлықтай оңтайландырды», - деді Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы.

Бүгінгі таңда волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасы жұмыс істейді. Платформада 30 мыңнан астам волонтерлер мен 2500 волонтерлік ұйымдар тіркелген. 200-ден астам волонтерлік ұйымдарды біріктіретін Республикалық волонтерлердің фронт-офисі сәтті жұмыс істейді.

«Волонтер жылы аясында волонтерлер ұйымдарын дамыту бойынша 40 жүйелік іс-шаралар жоспарланған. Ағымдағы жылы білім беру, аға буынға қолдау көрсету, экология, медицина бағытында алдағы жылдарға база құру мақсатында волонтерлер қозғалысының осы салаларын дамытуға бағытталған 7 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылуда. Әрі қарай үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізілетін болады», - деді ол.

Сөзінің соңында Мадияр Қожахмет бұл кездесу азаматтық қоғамды дамыту саласындағы бастамалар мен тәсілдерді дамытуға негіз қалайды деген сенім білдірді. «Біз ынтымақтастыққа ашықпыз және азаматтық сектордың жедел әлеуметтік бастамаларын дамыту бойынша өзара диалогқа дайынбыз», - деп аяқтады ол.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/volontery-stali-chast-yu-aktivnogo-razvitiya-grazhdanskogo-sektora-madiyar-kozhahmet_a3691645 

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 69 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 83 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 119 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена