Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау өңірінде «Тазалық эстафетасы» экологиялық акциясы басталды

Маңғыстау өңірінде «Тазалық эстафетасы» экологиялық акциясы басталды

12.08.2020 1671 0

Маңғыстау өңірінде «Тазалық эстафетасы» атты экоакция бастау алды. Жоба авторлары волонтерлер. Еріктілердің игі бастамасы облыстық ішкі саясат басқармасынан қолдау тапқан. «Таза өлке - таза Қазақстан» деп аталған шараның алғашқы күні қала сыртында өтті. Дәлірек айтсақ, Ақтау - Форт-Шевченко көлік жолының 43-ші шақырымы маңында тазалық жұмыстары жүрді. Нәтижесінде 40 қапшық күл-қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізілді. Экоакцияға 25 волонтерден бөлек жас мемлекеттік қызметшілер де белсене атсалысты. Олар бұл эстафетаны аймақтағы жастар ұйымдарына жолдап отыр. Манарбек Манепханұлы, жастар ұйымының жетекшісі: - Өңір тұрғындары мен қонақтарының сүйікті жеріне айналған бұл аймақтың тазалығы жөнінде белсенділер мен БАҚ өкілдері өз алаңдаушылығын білдірген болатын. Біз облыс волонтерлерімен бірлесіп, ауқымды тазалық жұмысын жүргіздік. Бұл аймақта тазалық жұмыстарына қажеттілік әлі де бар. Бүгінгі игі істі қатарластарымызға үлгі болып, қала тұрғындары мен қонақтарының бойында экологиялық мәдениет қалыптасуына септігін тигізеді деп сенемін.


Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/415343-ma-ystau-irinde-tazaly-estafetasy-ekologiyaly-aktsiyasy-bastaldy 

 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 4294 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 4161 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 3535 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена