Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы аясында волонтерлер сіздермен өздерінің керемет оқиғаларымен бөлісуде!

«Жеңіс» жобасы аясында волонтерлер сіздермен өздерінің керемет оқиғаларымен бөлісуде!

01.03.2023 774 0

Құршанбек Назым – Қарағанды қаласында «Жеңіс» жобасының волонтері.

«Менің аты-жөнім Құршанбек Назым Саматқызы. Қарағанды қаласынан КарУ студенті, волонтер, университет белсендісімін.
«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ іске асыратын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Жеңіс» қайырымдылық жобасының волонтері болып табыламын. «Жеңіс» жобасы бастау алмас бұрын ардагерлерге арналған түрлі ойындар мен қара өлең оқып көңілін көтеруге тырысатынбыз.

Әрбір ардагер біз үшін асыл қазына. Мен үшін құрметті жандардың хәлін білу, кездесу, әңгімелесу мен үшін үлкен мәртебе.
Жоба аясындағы рейд жұмыстарында жүргенімізде өзімді ерекше қуанышты, әрі немересіндей бақытты сезіндім. Ардагерлердің бізге берген ақ баталары, шын жүректен тілеген тілектері, көздеріндегі жылулық менің одан сайын мейірімділік пен барға қанағат етуді үйретті.

Ардагерлер — асыл мұрамыз. Жеріміз үшін қан төккен жандар. Біз үшін асыл мұраларымыз әрқашан бірінші орында. Қарты бардың қазынасы бар дегендей, ардагерлер қазыналарымыз және нағыз үлгі тұтар жандар!
Оларлы құрметтеу және қастерлеу біздің мойнымызда!
»

«Жеңіс» жобасын ұйымдастырушылар - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CpPImuSMFls/

 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена