Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Волонтерлер жылы жайлы бастаманы қолдады

Тоқаев Волонтерлер жылы жайлы бастаманы қолдады

04.06.2019 7485 0

 Волонтерлік – бұл сөзсіз өмір сүру стилі. Бір рет волонтер болуға бел бусаң, сен мәңгілікке волонтер боласың. Бүгінде волонтерлік қызмет танымал: белсенді азаматтар бастамашыл топтарға жиналып немесе бар үкіметтік емес ұйымдарға қосыла отырып балалар үйлеріне, арнайы медициналық мекемелер мен балаларға немесе мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектеседі.

Халықтың ерікті көмектерінің тарихи негізі топтық қолдаудың түрлі формалары немесе асар болған. Бізде заң бар бұл даму жолындағы үлкен қадам, Қазақстандағы волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді ұйымдастыруға көмектесетін, волонтелік жобалар/бағадарламалар/шараларға ақпараттық қолдау көрсететін Волонтерлік қызметті дамытудың бірыңғай платформасы Qazvolunteer.kz платформасы құрылып жүзеге асуда. Қазақстан БҰҰ Европалық Экономикалық комиссиясының аймақтық отырысының 2030  күн тәртібінде төрағалық етті. Іс-шара осы жылдың 21 наурызында Женеве қаласында өтті. Волонтерлердің күнделікті адам өміріне пайдасын, жекелей адам мен аймақтың дамуына тигізетін үлесін ескерсек, бұл ел үшін үлкен даму.

Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар. Үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік бағыт бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 68 жоба жүзеге асқан. Қазақстандағы волонтерлік бойынша ең белсенді бағыттар: әлеуметтік, іс-шаралық, жануарлармен жұмыс, этно-волонтерлік. Біз үшін жаңа бағыттар: ТЖ, медицина, мәдениет, медиа мен онлайн волонтерлік. Мемлекеттегі ең танымал волонтерлік ұйымдар ретінде  5000-нан астам ҰОС ардагерлері мен тың еңбеккерлерін қамтыған маңдай алды жобасы «Жеңіс» жобасы болған Ұлттық волонтерлік желіні атасақ болады. Қазір Ұлттық волонтерлік желі бүкіл Қазақстандағы 56 ұйымның басын біріктіріп, волонтерлік мәдениетін халықаралық деңгейде дамытуда.

Өзге ірі ұйымдар: Қазақстан қызыл жарты ай қоғамы, БҰҰ еріктілер бағдарламасы, Волонтерлер лигасы, Другими крупными организациями являются Красный полумесяц Казахстана, Программа добровольцев ООН, Лига волонтеров, 5 жылдан бері шала туылған балаларға жүннен киім тоқып жүрген 28 ілмек клубы, Клуб добряков, Rina.kz пен Лидер волонтерлер.

Волонтерлікпен жастардан өзге де адамдар айналыса алады. Үлкен буын қалыс қалып жатқан жоқ. Айтпақшы, Қостанай форумында Ресей делегациясының  шақыртуымен біздің өмірлік тәжірибеге толы волонтерлер «Күміс волонтерлік» форумында болды, себебі президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтпақшы: «Волонтерлік – жастар ісі, әжімге қарсы ем».

Сіздерге балалардың жағдайы қызық шығар, волонтердің балалар арасындағы қозғалысы да бар. Біздің елімізде тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымы құрылған. JasUlanTeam-нің бастамашыл тобында 3 мыңнан астам балалар бар.  

Және де соңғы күндері әлеуметік желілерді шарлап кеткен басты жаңалық: Вера Ким, «Ұлттық волонтерлік желі» төрағасы 2020 жылды волонтерлер жылы деп атау бастамасымен сөз сөйледі. Аталмыш бастама Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей форумында қолдауға ие болды. Тоқаев одан өзге Ресей мен Қазақстан еріктілеріне арналған «Жыл волонтері» премиясын бекітуді ұсынды.  

«Премия екі мемлекеттің үздік волонтерлік жобаларына берілетін болады және ерекше ойлар мен жобаларды түрлендіретін адамдарға демеу болады». Одан өзге президент Қазақстан мен Ресейдегі волонтерлік ұйымдардың басшыларының қатысуымен өтетін үнемі қызмет ететін волонтерлік кеңістікті құру мүмкіндігін талқылауды ұсынды.

Мұның маңызды екенін айқындағымыз келеді, себебі түрлі жол карталарына кіреді. Бізде 2018-2022 жж. Қазақстандағы волонтерлікті дамыту картасы бар. Мұндағы бірқатар бағыттар волонтерлік бастамаларды күшейту мен дамытуға негізделген.   «Студенттік бастама» атты еліміздегі ЖОО дар мен колледж студенттері арасында республикалық волонтерлік қозғалысты құру, мүгедектер, қарттар, жалғызбастылар мен жетімдерге көмектесуге бағытталған жас волонтерлер базасын жасау. Жас буынды тек ісшаралық волонтерлікке емес, әлеуметтік қызмет саласына тарту өте маңызды. Бізді тағы да не күтуде? Біздің ойымызша, кейде іс шаралық волонтерлік бетінде тұрады және ол көбірек көрінеді (ЭКСПО, Универсиада және т.б.), бірақ осындай бастамалар арқасында біз әлеуметтік салаға қажетті жарқын және мұқтаж іөмекті көре аламыз.

Соңғы жаңалықтар
01.12.2024 151 0
Келесі жылды қалай ерекше етуге болады?
Толығырақ
01.12.2024 160 0
Мәдени мұраны сақтау саласындағы волонтердің хикаясы
Толығырақ
01.12.2024 440 0
Халықаралық волонтерлер күні: волонтерліктің маңызы, тарихы және құндылығы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена