Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы аясында волонтерлер сіздермен өздерінің керемет оқиғаларын бөлісуді жалғастыруда!

«Жеңіс» жобасы аясында волонтерлер сіздермен өздерінің керемет оқиғаларын бөлісуді жалғастыруда!

13.06.2023 310 0



Менің есімім Қобланова Әзиза Мақсатқызы. Ақтау қаласында «Жеңіс» жобасы бар екенін  құрбымнан естідім. Құрбым осы «Жеңіс» жобасының кординаторы болып жұмыс атқарады екен.  Соның арқасында «Жеңіс» жобасының волонтерлер қатарына қосылдым. Жұмыстан бос уақытымда осы жобаға атсалысудамын. «Жеңіс» жобасының арқасында көптеген достар тауып және Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен танысу бұйырыпты. Ардагерлеріміз бізге еркіндік, өмір сыйлады. Сол себепті біз жастар ардагерлерімізді ардақтауымыз керек.

«Жеңіс» жобасы мен үшін қымбат. Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметті сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Соғысты аяқтау үшін жасаған еңбектеріне өлшеусіз алғыс білдіремін.



Менің есімім Баймуханов Қуандық Дастанбекұлы. 2016 жылы Ақтау қаласының әкімдігінде жұмыс жасап жүріп, ең алғашқы рет «Жеңіс» жобасын естідім. Жобаның мақсатымен танысып сол жобаның волонтерлер қатарына қосылдым.

Осы жоба арқылы көптеген достармен танысып, тәуелсіздік жолында аянбай еңбек етіп, сұрапыл соғысты бастан кешкен ардагерлермен кездестім. Аталған жобаның жас ұрпаққа ең алдымен тәуелсіздік қадірін түсінуді және саны аз қалған ардагерлерді ұлықтауды насихаттайды. Қазіргі таңда, Маңғыстау облысы дін істері басқармасында бас маман ретінде қызмет етіп жатырмын. Жұмыстан бос уақытымда осы жобаға көңіл бөлуге тырысамын.

«Жеңіс»  жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ іске асыруда.

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 199 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1010 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2918 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена