Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы аясында волонтерлер сіздермен өздерінің керемет оқиғаларын бөлісуді жалғастыруда!

«Жеңіс» жобасы аясында волонтерлер сіздермен өздерінің керемет оқиғаларын бөлісуді жалғастыруда!

02.03.2023 651 0

Жансая - Қарағанды облысында  «Жеңіс» жобасының волонтері.

«Менің есімім Жансая. Мен 20 жастамын. Менің волонтерлікке келуімнің тарихы 7-сыныпта басталды. 12-13 жасымда мен өзім байқамай, волонтер болған екенмін. 7-сыныптан бастап бүгінгі күнге дейін мен қайырымдылықпен айналысамын: балалар үйіндегі балаларға қажет емес (бірақ жаңа) заттарды жинау, қарт адамдарға жолдан өтуге көмектесу және т. б. біртіндеп менің мақсаттарым кеңейе түсті: қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, балалар үйлері мен қарттар үйлеріне бару (айына 1 рет) және т. б. Енді өткенге көз шөгіп, менің мақсатым адамдарға көмектесу және жақсылық жасау екенін түсіндім. 2019 жылдың ақпан айында мен Қарағанды облысының @volteq_ волонтерлер қатарына қосылдым.

Волонтерлік басқаларға көмектесу ғана емес. Волонтерлік — бұл жан таңдауы. Волонтерлік жұмыс біз ойлағандай оңай емес. Мұның бәрінің артында шыдамдылық, жанашырлық, сабырлық және табандылық жатыр. Бірақ, бұл сөзсіз нәтижеге тұрарлық қызмет!

«Жеңіс» жобасы мен үшін қымбат. Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметті сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Соғысты аяқтау үшін жасаған еңбектеріне өлшеусіз алғыс білдіремін. Менің өмірімдегі ең жылы және ең құрметті естеліктер осы жобамен байланысты. 4 жылдан бері 9 мамыр ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнайы барып, таңның атысы мен батуы «рахмет» айтпай өткен жоқ.

«Біреудің өмірін бақытты ете алатындай мүмкіндік болса, өмір керемет». Бұл шындық. Жақсылық жасап үйренейік. Мейірімді адамдар айналамыздағы өмірді жақсы жаққа өзгертеді».

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CpkWEFCsfhn/

Соңғы жаңалықтар
01.08.2025 35 0
Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасуда
Толығырақ
29.07.2025 325 0
Волонтерлік қызметіңізді ресми түрде тіркеуді қалайсыз ба?
Толығырақ
28.07.2025 98 0
Волонтерлік – өмір салты
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена