Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы аясында Ақтөбе қаласының волонтері өзінің жоба туралы пікірімен бөлісуде!

«Жеңіс» жобасы аясында Ақтөбе қаласының волонтері өзінің жоба туралы пікірімен бөлісуде!

07.06.2023 607 0




Менің есімім Татьяна. Мен волонтер ретінде қызметімді 2008 жылы «ДАР» волонтерлер клубына қосылғанда бастадым. Сол кездегі жұмысымыздың негізгі бағыты мүмкіндігі шектеулі балаларға, әсіресе тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларға арналған акциялар мен іс-шаралар болды. Осы жылдар ішінде жақсы достар таптым, олармен әлі де тығыз байланыста болып, түрлі әлеуметтік жобаларды ұйымдастырып, өткізуде тәжірибе жинақтадым.

2017 жылы «Жеңіс» жобасы туралы алғаш естігенде Ақтөбе қаласының №20 мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істедім. Әрине, мен өз оқушыларымды волонтерлік қызметке тарту туралы ойға бірден келдім. Олар тым жас болғандықтан жобаға толық қатыса алмайтыны анық болды, сондықтан алдымен мен танысу жұмыстарын жүргіздім: балалармен қайырымдылық жәрмеңкелеріне барып, Ақтөбенің зооқорғаныс волонтерлерімен кездесу ұйымдастырдық.

Менің оқушыларымның бірі Артем Попов «Жеңіс» жобасы аясында өткізілетін іс-шараларды дайындауға қатысып, алғыс хат алды. 2022 жылы мен «Жеңіс» жобасына белсенді қатыса алдым. 8-сынып оқушыларымен бірге біз тыл ардагерлеріне барып, тіпті қаламыздағы соңғы майдангер-ардагермен таныстық.

Бұл кездесулер, жүрекжарды сұхбаттар, алғыс сөздер біздің жан дүниемізде сақталды. Мен жобаға белсенді қатыса алғанымызға өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да жұмысын жалғастырады деп шын жүректен тілейміз!

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена