Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Павлодар облысында 18 000-нан астам волонтерлер бар

Павлодар облысында 18 000-нан астам волонтерлер бар

22.04.2022 936 0

Біз сіздерді волонтерлердің өңірлік орталықтарының  жұмысымен таныстыруды жалғастырамыз. Жақында біз Қарағанды облысындағы волонтерлердің жұмысы туралы әңгімелестік, ал бүгін Павлодар облысының волонтерлер орталығы жөнінде әңгімелесетін боламыз.

Бұл біз үшін ерекше аймақ, өйткені Павлодар облысы біздің елімізде волонтерлік қызмет пайда бола бастаған өңірлердің бірі болып табылады. Ал бүгін облыстың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары өз белсенділігімен және жұмыс сапасымен ерекшеленеді.

Павлодар облысы волонтерлерінің орталығы елдегі Волонтер жылы аясында 2020 жылы құрылды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 12 волонтерлік ұйым, 400-ден астам бастамашыл топ бар. Волонтерлер саны 18 000-нан астам адамды құрайды. Ең кіші волонтер 7 жаста болса ең үлкен волонтер 76 жаста.

Бізге толығырақ Павлодар облысының волонтерлік аймақтық орталық кеңсесінің басшысы, бейресми білім беру саласындағы республикалық деңгейдегі жаттықтырушы Күнтуған Еркебұлан айтып береді. 2015 жылдан бастап волонтерлік қызметпен белсенді айналысады. 2021 жылы Президент қ. Тоқаевтың «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

Волонтерлердің орталығы немен айналысады:

«Павлодар облысы волонтерлерінің орталығы волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға әкімшілік, ресурстық және ақпараттық қолдау көрсетумен айналысады».

Орталық  жұмысының басында қандай қиындықтар болды:

«Орталық ашу кезінде біз волонтерлік ұйымдар мен клубтарды бір орталық астына біріктіруде қиындықтарға тап болдық. Қазір бұл іс өз шешімін тапты».

Ең ірі волонтерлік іс-шара туралы:

«Ардагер тайм» - іс-шараның мақсаты жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету. Бір уақытта, бір күн бойы облыс бойынша Волонтерлер 152 жалғыз тұратын зейнеткерге көмек көрсетті. 1500-ден астам волонтерлер үйді қоршауға, тазартуға көмектесті, азық-түлік жиынтығы түрінде гуманитарлық көмек көрсетті және тағы да басқалары».

Сондай-ақ Еркебұлан бізге облыстың көптеген волонтерлері «Birgemiz: Qamqor» бағытын таңдайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, «Birgemiz: Qamqor» бағыты-волонтерлерді қарттар үйіне, Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тарту қызметі.

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена