Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтан қаласында «Birgemiz» Республикалық волонтерлер Фронт-офисінің ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер күніне арналған қорытынды конференциясы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Birgemiz» Республикалық волонтерлер Фронт-офисінің ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер күніне арналған қорытынды конференциясы өтті

01.12.2021 550 0

29-30 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Рухани жаңғыру «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және«Birgemiz» Республикалық волонтерлер Фронт-офисінің ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер күніне арналған қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға 14 облыстан және 3 республикалық маңызы бар қаладан 17 аймақтық фронт-офис өкілдері, 24 үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Конференцияда келесі тақырыптар бойынша презентациялар өтті:

                 1.           Аймақттық Фронт-офистердің жұмысын таныстыру

2.           Республикалық Фронт-офистің жылдық қорытындысын таныстру

3.           Қазақстандағы волонтерлікті қолдаудың мемлекеттік стандартын таныстыру

4.          Волонтерлік қызметтің қауіпті бағыттары бойынша бірыңғай оқыту бағдарламасының презентациясы және озық тәжірибелер жинағын таныстыру

Конференцияда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадияр, “Рухани жаңғыру ”  қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы Есенбаев Асылбек, “Ұлттық волонтерлік желі” заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры  Миронюк Татьяна, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ Басқарма төрайымы Диас Лима, Республикалық Фронт-офистің сарапшысы Амреева Елена, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице- министрі Тілепов Болат Анапияұлы жәнеүкіметтік емес ұймыдардың өкілдері сөз сөйледі.

Конференцияда Қазақстандағы волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдау стандартының тұсаукесерін «Birgemiz» волонтерлер Республикалық фронт-офисінің сарапшысы Елена Амреева ұсынды. Презентация Стандарттың мазмұны мен міндеттерін, сондай-ақ фокус-топтардың нәтижелері мен қорытындыларын ашты.

Осы Стандартта келесі ұғымдар пайдаланылады:

-Қауіпті аймақтарда волонтерлік қызмет
-Волонтерлер портфолиосы
-Волонтерлер қауымдастығы
-PR- стратегия
-Материалдық-техникалық ресурстар
-Волонтерлік қызметті есепке алу жүйесі
-Бақылау мониторингі
          Сондай-ақ, әкімшілік қолдау мақсатында волонтерлік қызметті қолдау үшін қолайлы әкімшілік орта құру атап өтілді.

Іс-шара аяқталғанда қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. 



Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена