Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ОРАЛ, СӘТБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛАРЫНДА «ЖЕҢІС» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕРІН ІЗДЕУДЕ!

ОРАЛ, СӘТБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛАРЫНДА «ЖЕҢІС» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕРІН ІЗДЕУДЕ!

01.02.2023 1336 0

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Жеңіс» қайырымдылық жобасын жүзеге асыру мақсатында ЗТБ «Ұлттық волонтерлік желі» жүзеге асыратын Орал, Сәтбаев, Атырау қалаларында «Жеңіс» жобасының үйлестірушілерін іздейді!

Жобаның бірнеше мақсаты бар. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жалпыхалықтық қайырымдылық көмек арқылы нақты қолдау көрсету.
Қазіргі таңда ардагерлер саны өте аз, бірақ олардың әрқайсысы қалыпты жағдайда өмір сүруге, ең бастысы, тек 9 мамыр қарсаңында ғана емес, күн сайын қолдау мен ризашылықты сезінуге лайық.

Сондықтан, үлкен «Жеңіс» жобасының бір бөлігі болуға асығыңыз!

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— Ұқыптылық және еңбекқорлық;

— Адамдармен жақсы қарым-қатынас дағдылары;

— Жақсы командалық жұмыс дағдылары;

— Барлық міндеттерді уақытында орындау.

Барлық мүдделі тұлғалар мына мекенжай бойынша түйіндеме бере алады: Астана қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат, 505-кеңсе (Ұлттық волонтерлік желі) немесе келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 771 617 0704 Сержан.

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3379 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2630 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена