Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қан донорлары күніне орай донорлар туралы

Қан донорлары күніне орай донорлар туралы

14.06.2022 1181 0

Бұл күн 2005 жылы Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясы барысында белгіленді. Осы күннен бастап жыл сайын бүкіл әлемдік қауымдастық қан донорларының баға жетпес үлесін атап өтіп, оларға алғысын білдіреді.

Қан доноры Карамурзин Алиби Мухаммадгумарович бізге ол үшін қан доноры болу қандай әсер қалдыратынын айтты:

"Алғаш рет таныс жолдасым үшін қан жинауға қатыстым. Әрі қарай, бұл көптеген мұқтаж адамдарға көмектесудің тамаша тәсілі екенін түсіндім. Мен өзім үшін ешқандай пайда көрмеймін, қан тапсырудан тек  іштей  қанағаттанамын. Бірінші рет қан алғаннан кейін өзімді жақсы сезіндім. Егер өзімді екі сөзбен сипаттау мүмкіндігі болса, онда ол "Адам" және "Кәсіпкер" болады. Менің өмірлік ұраным - "Ұзаққа ойнау". Сондықтан мен үшін басқа адамдарға саналы көмек маңызды. Қан тапсыру маған осындай мүмкіндік береді".

Латын тілінен аударғанда "donare" сөзі "Сыйға тарту" дегенді білдіреді.

Қан донорларына сыйға тартқан өмірлері үшін алғысымызды білдіреміз!

Соңғы жаңалықтар
28.04.2026 253 0
Күміс волонтерлік: қамқорлық өмірлік іске айналғанда
Толығырақ
24.04.2026 1201 0
Волонтерлік – өмірді жақсы жаққа өзгерту тәсілі
Толығырақ
22.04.2026 1200 0
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена