Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысының Әулиекөл ауданында волонтерлердің жастар слеті өтті

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында волонтерлердің жастар слеті өтті

12.08.2022 1395 0

Рудный қаласы, Қостанай, Қарасу, Наурызым, Әулиекөл, Б.Майлин аудандарынан 100 жас волонтер слетке қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Аманқарағай ауылының орман шаруашылығы аумағында 10 тамыз күні «Жаңа жастар» слеті өтті.


Волонтерлік қызметті жан-жақты ашуға бағытталған шаралар ұйымдастырылды: эко-волонтерлік, адамдарды іздеу бойынша – ТЖ волонтерлігі, білім бағытындағы волонтерлік. Жоба құрастыру мен қорғау жүргізілді. Сондай-ақ ең есте қаларлық слет бөлігі Әулиекөл ТЖ қызметкерлерімен ұйымдастырылған мастер-класс және бөгет жолы болды, – деп Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі істер саясаты бөлімінің Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жазира Жаппасова бөлісті.


Слет қорытындысында ең үздік волонтер таңдалды. Бұл атаққа Ксения Кудимович ие болды, содай-ақ оған сыйлық ретінде слет логотипі бар футболка мен қалпақ, шоппер және шейкер табысталды. Кездейсоқ сандар генераторы арқылы слет туралы постты жазатын волонтер іріктелді. Іріктеу нәтижесінде жеңімпаз болып Алтын Доскалиева атанды, оған сыйлыққа смарт-сағат берілді. Қалған волонтерлер слетке қатысқаны туралы сертификатқа ие болды.

Авторы: Алина НАВРОЦКАЯ kissalina@mail.ru

Дереккөзі: https://kstnews.kz/news/society/item-75088

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена