Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар АТМӨ-ге қатысушы елдер Қазақстанның волонтерлік қызметті қолдау жөніндегі бастамаларын қолдады

АТМӨ-ге қатысушы елдер Қазақстанның волонтерлік қызметті қолдау жөніндегі бастамаларын қолдады

29.03.2022 1042 0

 

Бангкокта (Тайланд) орнықты даму жөніндегі 9-шы Азия-Тынық мұхиты форумы аясында 2022 жылғы «Әлемдегі еріктіліктің жай-күйі туралы» баяндаманың тұсаукесері өтті.

Аталған іс-шараға қазақстандық делегация құрамында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет келді.

Пікірталас барысында Қазақстанның волонтерлік саласындағы жетістіктері және елдегі волонтерлік қозғалыстың одан әрі даму келешегі таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар Қазақстанның 2020 жылы Волонтер жылын өткізудегі тәжірибесін жоғары бағалады, сондай-ақ БҰҰ волонтерлерін жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау және ағымдағы жылы Орталық Азия волонтерлер форумын өткізуге дайындық жөніндегі бастамаларға қолдау білдірді.

Азия-Тынық мұхит форумы даму мәселелері жөніндегі өңірлік диалогқа жәрдемдесу мақсатында БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) аясында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена