Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталды

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталды

26.10.2023 3214 0

2023 жылы 25 қыркүйекте "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына байқау жарияланды. 14 қазанға дейін байқауға қатысуға өтінімдер қабылданды. Нәтижесінде 15 номинация бойынша 153 өтінім келіп түсті. Техникалық іріктеуден онлайн-дауыс беруге 143 үміткер өтті.

Онлайн-дауыс беру 2023 жылдың 26 қазанынан бастап 4 қарашаға дейін келесі сілтеме бойынша өтеді: https://award-qazvolunteer.kz/

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған. Сыйлық Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылы бекітіліп, жыл сайын өткізіліп келеді.

"Жыл волонтері" байқауының жеңімпаздары туралы нәтижелер 5 желтоқсанда Халықаралық еріктілер күнінде жарияланатын болады. 

Соңғы жаңалықтар
26.02.2026 59 0
Жүрекпен тоқылған жылу: күміс волонтер Елена Коробкованың оқиғасы
Толығырақ
23.02.2026 50 0
Волонтерлік және технологиялар: заманауи технологиялар волонтерлерге волонтерлік қызметті ұйымдастыруда қалай көмектесе алады
Толығырақ
18.02.2026 144 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена