Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар QauipsizInternet жобасының волонтері бол!

QauipsizInternet жобасының волонтері бол!

25.08.2022 1528 0

Алақай, Ұлттық волонтерлік желісі командасы сіздермен байланыста! 😍
Біз бұл күнді ұзақ күтіп, енді сіздермен қуанышымызбен бөліскіміз келеді. ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісі бірлескен QauipsizInternet волонтерлік жобасына волонтерлерді іріктеу бойынша байқау жариялайды.

🍀 Жоба оқушыларға киберқауіпсіздік және медиасауаттылық бойынша дағдыларды үйретуге бағытталған және онлайн форматта өткізіледі.
Бүкіл Қазақстаннан волонтерлер шақырылады!
Егерде сіздің жасыңыз 16 мен 35 аралығында болса, өзіңізді интернетте қалай қорғауға болатыны туралы және медиасауаттылық бойынша лайфхактар мен құралдарды білгіңіз келіп басқа адамдармен бөліскіңіз келсе, онда – профильдің сипаттамасына өтіп сауалнаманы толтырыңыз және волонтерлердің үлкен отбасына қосылыңыз!

📌 Назар аударыңыз: сауалнамамен мұқият танысыңыз. Сізге «Мен үшін аталған волонтерлік бағдарламаға қатысу неге маңызды?» деген тақырыпта ұзақтығы 2 минутқа дейін видео түсіру қажет. Басқа видеолардан үзінділерді немесе фото презентацияларды жүктемеуді өтінеміз. Сіздің видеоңызды байқау комиссиясы көретін болады. Видеоңызды кез келген сізге ыңғайлы платформаға (мысалы: ютюб, гугл-диск) жүктеңіз. Видеоның жария болуы шарт емес, ең бастысы сілтеме бойынша ашылса жеткілікті. Егер бұл шарттар сақталмаған болса, өтінімдеріңіз техникалық іріктеуден өтпей қалады.
Жобаның ұзақтығы: қазан-желтоқсан 2022
Байқау 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ашық болады. Іріктеуден өткен қатысушылар тізімі Qazvolunteer.kz сайтында 20 қыркүйекте жарияланатын болады. Өткізіп алмаңыз!

🔗 Сауалнаманың сілтемесі https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdw6Hh1eCSr2i6xMqS4CwVSinivej4PKYHb_d9-s_FYUOMuxg/viewform 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 292 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 199 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4299 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена