Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті

17.03.2022 815 0

17 наурызда Алматы қаласында Қазақстан  Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті.

Отырысты алғы сөзбен Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин ашты.

Кеңестің жаңартылған құрамына қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, ғалымдар, өнерлі жастар, әртүрлі ұйымдардың көшбасшылары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері және Президенттік кадр резервінің қатысушылары кірді. Кеңес құрамында сондай-ақ «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк бар.

Отырыста Мемлекет басшысы жолдауының негізгі бөліктері, жолдаудың Жаңа Қазақстанды құрудағы маңыздылығы атап өтілді. Кеңестің жолдауда қойылған міндеттерді шешудегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар жастар саясатын дамыту перспективалары және жастардың әлеуетін іске асыруға бағытталған шаралар кешені, жас ғалымдарды қолдау, жастарды жұмыспен қамту мәселелері қарастырылды.  

Отырыс барысында коронавирус пандемиясының басталуымен дәл келген Волонтер жылы жарияланғаннан бері волонтерлік қызметтегі нәтижелер ұсынылғанын атап өткіміз келеді. Пандемия уақытында 500 мың азаматтар волонтерлік қызметке қатысып, 1 млн азаматқа қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл көрсеткіштер еліміздің тұрғындарының ортақ құндылықтарының және бірлігіміздің бірден-бір көрінісі ретінде қарастыра аламыз.

Отырыста сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов және "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов сөз сөйледі.

Отырыс сұрақ-жауап сессиясымен және қорытынды жасаумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена