Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ТМД елдері арасында 2021 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында халықаралық кездесу өтті

ТМД елдері арасында 2021 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында халықаралық кездесу өтті

28.10.2021 1101 0


28 қазан Нұр-Сұлтан қаласында ТМД елдері арасындағы 2021 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде халықаралық кездесудің пленарлық отырысы өтті. Кездесу гибридті форматта өтті. Қатысушылардың жартысы офлайн режимде қатысса, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Белоруссия және Әзірбайжан мемлекеттерінен қалған қатысушылар онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы кездесуге қосылды.

Кездесудің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы –Қожахмет Мадияр модератор болды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты – Ким Вера құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанатына БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасының Еуропа және ТМД бойынша аймақтық менеджері ­­­– Сабаева Римма, сондай-ақ, "Рухани Жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ өкілі қатысты.


Халықаралық кездесудің бірінші бөлімі – Волонтерлер Кеңесінің пленарлық отырысы өтті, Отырысты "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ атқарушы директоры Миронюк Татьяна Александровна және Волонтерлер Орталықтары Қауымдастығы кеңесі төрағасының орынбасары Колотько Надежда Сергеевна ашты. Пленарлық отырысқа Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттік, Жастар жобалары мен бағдарламалары басқармасының халықаралық қызмет бөлімінің бастығы Валерия Черногородова, Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев және ТМД елдерінің өкілдері қатысты. Пленарлық отырыс үш мәселеге арналды: "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тарапынан Кеңес құрамына өзгерістер енгізу" және "Қазақстан мен Ресей арасындағы волонтерлік саласындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына өзгерістер енгізу" және "БҰҰ Бас Ассамблеясында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау".

Халықаралық кездесудің келесі бөлігі ZOOM платформасында воркшоп форматында өтеді.






Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1988 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2718 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2024 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена