Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Шетелде «Мейірімді істерді» іздеуге көмектесетін 5 онлайн-ресурс

Шетелде «Мейірімді істерді» іздеуге көмектесетін 5 онлайн-ресурс

09.02.2022 721 0

Саяхаттауды, волонтерлікті және шытырман оқиғаларды ұнататын болсаңыз, онда бүгінгі материал сіз үшін!

Біз бір материалдың ішінде сізге өз мемлекетіңіздің ішінде, сондай-ақ оның шекарасынан тыс жерлерде қызықты жобаларды іздеуге көмектесетін бес интернет ресурсын жинастырдық.

Кеттік!

Neupusti.net

Neupusti.net – ТМД жастары үшін білім, еңбекпен қамту және кәсіпкерлік қызмет саласында мүмкіндіктерді жинастыратын онлайн-платформа. Порталда сіздер тек ТМД мемлекеттерінде ғана емес сондай-ақ, өзге мемлекеттерде де гранттар, стипендиялар, тағылымдамалар мен байқаулар туралы біле аласыздар.

«Мүмкіндіктер» бөлімінде волонтерлік жобалар туралы ақпарат орналастырылған.

Дереккөз: https://www.neupusti.net/About

Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлер бағдарламасы (БҰҰВБ)

Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлер бағдарламасы (БҰҰВБ) — бұл бүкіл әлемде волонтерлік қызмет арқылы бейбітшілік пен даму ісіне өз үлесін қосатын БҰҰ ұйымы. БҰҰВБ серіктестермен білікті, жоғары уәжді және жақсы қолдау көрсетілетін БҰҰ волонтерлерін даму бағдарламаларына біріктіру және волонтерліктің құндылығы мен бүкіл әлемге танылуын алға жылжыту үшін жұмыс істейді. БҰҰВБ қос мандатты орындай отырып, бейбітшілік пен даму ісіне өз үлесін Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеу үшін БҰҰ волонтерлерін жұмылдыру және волонтерлерді тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу тәсілі ретінде тануды насихаттау арқылы қосады.

Ыңғайлы платформада сіздер өзіңізге қызықты саланы, мемлекетті таңдай аласыз, сондай-ақ өзіңізге қызықты бос орын туралы жаңалықтарға жазыла аласыздар.

Дереккөз: https://qazvolunteer.kz/ru/unvolunteers

Goodsurfing

Goodsurfingволонтерлік және экпедиция арқылы игі және қызықты істерді жүзеге асыра отырып, арзан саяхаттау тәсілі. Армандаған саяхатты табыңыз. Мұндай жылы сөздермен сіздерді платформа қарсы алып, бірден сізге іздеу батырмасы және фильтр арқылы саяхатты іздеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мұнда  сіз пайдалы курстар, мақалалар, блогтар және гудсерферлердің қауымдастығын таба аласыз.

Дереккөз: https://goodsurfing.org/

AIESEC

AIESEC – жастардың көшбасшылық әлеуеттін дамытуға жіне зерттеуге мүмкіндік беретін жаһандық платформа. AIESEC арқылы ұйым жұмыс істей бастаған сәттен бастап 1 000 000 астам жастар жаңа тәжірибе алды. Ұйымның жастарға әсерін оның түлектерінен көре аламыз. Олар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және дүниежузі көшбасшылар қатарына қосылды.

Дереккөз: https://aiesec.org/about-us

Қазақстанның Қызыл Айы

Қазақстанның Қызыл Айы – Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы аумағындағы ең ірі гуманитарлық ұйым.

Дереккөз: https://redcrescent.kz/about/

Бұдан да көп шетелдегі волонтерлік жобалар мүмкіндіктері туралы ақпаратты біздің шетелдегі волонтерлікке арналған бөлімде таныса аласыздар: https://qazvolunteer.kz/ru/travel

 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 451 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1256 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3112 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена