Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен волонтерлік және әлеуметтік жобаларды жариялау бойынша БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен волонтерлік және әлеуметтік жобаларды жариялау бойынша БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

08.11.2024 1183 0

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 21 қарашасында «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп БАҚ өкілдері үшін волонтерлік және әлеуметтік жобаларды әдепті жариялау бойынша семинар өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Оқытуда әлеуметтік, волонтерлік, қайырымдылық жобаларын жариялау тетіктері мен принциптері талқыланады. БАҚ өкілдері сезімтал ақпаратпен жұмыс істеудің этикалық нормаларын ескере отырып, еріктілермен, ұйымдармен өзара іс-қимылдың теориялық және практикалық құралдарын талдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, семинар тыңдаушылары әлеуметтік маңызды жобаларды сапалы қамту үшін практикалық ұсыныстары бар жадынамалар алады.

Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., «Нұрлы Орда» БО Қабанбай батыр даңғ., 11/5, 6 қабат. Ү.ж. 21 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін семинар қазақ тілінде, ал 15.00-ден 17.00-ге дейін орыс тілінде өтетінін ескеруді сұраймыз.

БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/D9svfLJU7Q5eZ7Pa8

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады: 87059608030, Досымбетов Айбек - Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің басшысы.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878915?lang=kk

 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 104 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 103 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 153 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена