Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Сауалнамаға қатысуға шақырамыз!

Сауалнамаға қатысуға шақырамыз!

16.09.2023 1734 0

Құрметті волонтерлер,

Сіздердің халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен қоғамның дамуына қосқан үлестеріңіз жыл өткен сайын айқын байқалып келеді. Сіздің жұмысыңыздың маңызды екені сөзсіз, сондықтан мемлекет те, коммерциялық сектор да волонтерлік қозғалысты қолдауда барынша белсенділік танытуда.

Бұл қолдауды барынша тиімді ету үшін Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісі талдамалық зерттеу жүргізіп жатыр, осыған орай сізден ұсынылған сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Бүкіл үдеріс сіздің уақытыңыздың 5-7 минутын алады, сонымен қатар біздің елдегі волонтерлік қызмет туралы объективті деректерді жинауға көмектеседі.

Алынған жауаптар аймақтық волонтерлік қызметтің ерекшеліктерін, волонтерлердің қажеттіліктері мен мәселелерін жақсы түсінуге, Қазақстандағы волонтерлік қызметтің мүмкіндіктері мен дамуын анықтауға көмектеседі. Сауалнама нәтижелері Қазақстандағы волонтерлік қызметтің жай-күйі туралы жыл сайынғы қоғамдық баяндамада жарияланады.

Алынған деректер тек аналитикалық мақсаттарда пайдаланылады және қатаң құпия болып қалады.

Сіздің пікірлеріңіз бен тәжірибелеріңіз біз үшін өте маңызды және осы зерттеуге қатысқаныңызды бағалаймыз.

Егер сіз волонтер болсаңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeM8fe4qcg4MWElRCUOjA7IRxGa97M8Iuctgrb6x47sCoaieg/viewform

Егер сіз ұйым болсаңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdED0SzeRgcErqVs7UK1udzdUe7ipyRq-7J_h-6rZX3UDFF8Q/viewform

Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет!

@kz_nvs

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена