Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы бастауын алып, біздің еліміздің аумағында жүзеге асырылуда!

«Жеңіс» жобасы бастауын алып, біздің еліміздің аумағында жүзеге асырылуда!

10.12.2022 1255 0

Құрметті достар, біз сіздерге жақсы жаңалықты хабарлауға қуаныштымыз! «Жеңіс» жобасы бастауын алып, біздің еліміздің аумағында жүзеге асырылуда!   

Үлкен мәнге ие болған және әрбір қазақстандықтың тағдырына, бүгінде тұрақты және дамып келе жатқан егемен Қазақстанда өмір сүретіндердің өміріне әсер еткен ұлы Жеңіс! Бұл жеңіс, кем дегенде, әрқайсымыздың ризашылығымыз бен оны еске алуға лайық. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда Ұлы Отан соғысының
300 ден астам қатысушы мен тыл ардагерлері тұрады. Бір жыл бұрын елімізде 665 ҰОС қатысушылары мен тыл ардагерлері тұрған, сол уақытта ҰОС тыл еңбеккерлерінің саны – 69 248. 

Аман қалған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 9 мамыр қарсаңында ғана емес, күн сайын олардың жанқиярлығы, патриотизмі, фашизмге қарсы күресі және бостандықты сақтауы, бізге бейбіт аспан мен қамсыз балалық шақ сыйлағаны үшін еске алу қажет екеніне біз сенімдіміз.

Жоба аясында 2022 жылы Қазақстанның 35 аймағында 1400 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қамту іске асырылып жатыр. Әр ардагерге бір жылдың ішінде кемінде төрт рет барып шығу біздің міндет. Жоспар бойынша бір жылдың ішінде 5600 волонтерлік рейд жасалу тиіс. Жобаны іске асыруға өз еркімен көмектескісі келетін әрбір адам волонтер бола алады. Бұл дегеніміз - көмек көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық қолдау .

Егер сіз біздің жобамыздың бір бөлігі болуға дайын болсаңыз, бізге келесі номер бойынша жазыңыз +7 771 617 07 04 Шайхымов Сержан.

 

«Жеңіс» жобасының ұйымдастырушылары «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
08.05.2025 206 0
Күнтізбедегі игі істердің тағы бір айрықша күні — 9 мамыр, Жеңіс күні!
Толығырақ
05.05.2025 8926 0
Жұлдыздың волонтерлік жолы: шабыт, жауапкершілік және шынайы ықылас
Толығырақ
02.05.2025 1274 0
«ЖАЗҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР МЕКТЕБІНЕ» ҚАТЫСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена