Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Халықаралық волонтерлер форумы шеңберінде «Ecolife» экочелленджіне қосылыңыз!

Халықаралық волонтерлер форумы шеңберінде «Ecolife» экочелленджіне қосылыңыз!

08.06.2023 1549 0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп, Халықаралық волонтерлер форумы шеңберінде халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Ecolife» экочелленджінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Экочеллендж 2023ж. 7 маусымында басталып, 20 маусымға дейін жалғасады. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Тапсырмалар екі күн сайын ҚР АҚДМ ресми сайттарында және Instagram әлеуметтік желісіндегі @jasulan_qz аккаунтында жарияланады.

Жеңімпаз – барлық тапсырмаларды орындаған қатысушылар арасында анықталады. Бұл ретте креативтілік, тапсырманың толық орындалуы, «экологиялылық» қағидаттарын сақтау және т.б. бағаланады.

Орындалған тапсырмаларды қатысушылар өздерінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында конкурсты ұйымдастырушылардың белгісімен және #ecolifechallenge2023#IVF23 #volunteer#volunteersforum2023 хэштегтерін көрсете отырып орналастырады.

Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Біз барлық ниет білдірушілерді экочелленджге белсенді қатысуға және планетаны сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/569626?lang=kk

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3379 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2630 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена