Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлерді құтқарушы күнімен құттықтау!

Волонтерлерді құтқарушы күнімен құттықтау!

19.10.2023 2306 0

Төтенше жағдайлар министрлігі ерікті ұйымдармен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, іздестіру
іс-шараларында және зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Еріктілер ұйымдары – бұл кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға таптырмас көмек.

Еріктілер жұмысының тиімділігі еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қысқы кезеңде, сел тасқыны, су тасқыны кезінде, жылумен жабдықтау объектілеріндегі авариялар және табиғи өрттер сөндіру кезінде төтенше жағдайларды жоюда көрсетілген.

Бүгінде ТЖМ 136 ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды, онда 47 мыңға жуық еріктілер бар.

Өткен жылдан бастап іздестіру-құтқару жұмыстарына мыңнан астам еріктілер тартылды.

Олардың қатысуымен 1700-ден астам профилактикалық
іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда ерікті ұйымдардың ерекше маңыздылығын атап өту қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан еріктілерге төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдіремін.

Өз іс-әрекеттеріңізбен сіздер жоғары азаматтық жауапкершілік пен шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетесіздер!

Қоғам мен тұтастай мемлекеттің игілігіне бағытталған маңызды істеріңізде табыс тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының

төтенше жағдайлар министрі

Сырым Шәріпханов

 

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/638692?lang=kk

Фото: BeSafe жобасының мұрағаты

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 116 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 137 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 127 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена