Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын!
Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық
белесіне қадам басқалы тұрмыз.
Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт
тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі
ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға
береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз
отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз
тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.
Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға
толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа
бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды
дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды.
Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді. Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы
аяқталып, халық игілігіне берілді.
Диқандарымыз мол астық жинап, қамбаны дәнге
толтырды. «Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңаша
келбетке ие бола бастады. Алғаш рет азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы
75 жасқа жетті.
Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін
ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың
есепшотына түсті. Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Көптеген әлеуметтік нысан
салынды.
Парламент депутаттары қоғамдағы өзекті
мәселелер бойынша заңдар қабылдады. Сондай-ақ биыл біз еліміздің келешегіне
айрықша әсер ететін өте маңызды шешім қабылдадық. Атом электр станциясына
қатысты референдум өткіздік. Көпшілік бұл бастамаға қолдау білдірді.
Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта
түсті. Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді.
Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық.
Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында көк туымызды биікте
желбіретті. Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды. Басқа да
көптеген табыс бар.
Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат
тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені
сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып,
мызғымас бірлігін көрсетті. Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек
берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін
толық орындады.
Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта
қарсы алып жатыр. Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты
еңсереміз. Алға сеніммен қадам басамыз. Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады.
Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады.
Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.
Үкімет тиімді жұмыс атқарып, экономиканың
қарқынды өсімін қамтамасыз етуге тиіс.
Жаңа өндіріс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасау қажет. Жол
салуды жалғастырып, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерді шешу керек.
Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану аясын
кеңейткен жөн. Ауыл еңбеккерлерін барынша қолдау маңызды. Басты мақсатымыз –
азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
Мемлекет білім беру және денсаулық сақтау,
ғылым және мәдениет салаларын дамытуға баса мән береді. Біз жаңа мектептер мен
ауруханалар салып, педагогтердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет
қайраткерлерінің мәртебесін көтере береміз. Жастарға да міндетті түрде қолдау
көрсетеміз.
Келесі жылы елімізде бірнеше айтулы оқиға
болады. Біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өтеміз. Ата Заңымыздың және
Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде
өткіземіз.
Сондай-ақ ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын
лайықты атап өтуіміз керек. Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп
жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз
отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір
мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр.
Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер,
тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар
және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге
болады.
Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге
шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп
жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!
Қадірлі ағайын!
Осы мерекелік сәтте мен әр шаңыраққа шаттық
тілеймін!
Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін!
Төрт құбыламыз түгел болсын!
Ардақты аналарымыз бен ардагерлеріміз аман
болсын!
Жас ұрпақтың жолы ашық, болашағы жарқын
болсын!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!
Жаңа жылда баршаңызға амандық, бақ-береке
тілеймін!
Әр үйде қуаныш көп болсын!
Сіздерге мықты денсаулық тілеймін!
Ырыс-несібелеріңіз арта берсін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.