Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлерге қолдау көрсету керек

Волонтерлерге қолдау көрсету керек

11.07.2020 1632 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында  биылғы жылды «Волонтерлар жылы» деп бекітті. Бұл барлық еріктілерге серпін беріп, жаңа ізденістерге жол ашары сөзсіз. Сол себептен қайырымдылық жасаудан тайынбайтын мейірімді жандар үшін Үкімет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп, жобалар іске асырылуда. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, «Волонтерлар жылы» аясында 7 жалпы ұлттық жоба жүзеге асырылады – деп хабарлаған болатын. Атап айтсақ, волонтерлікті одан әрі дамыту үшін «Білім», «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор» және «Үміт» атты жобалар іске асырылатын болады. «Аталған жобаларға 420-ға жуық шағын грантқа қолдау көрсетіледі» - деп, Ақпарат және даму министрі атап өтті. Осыған байланысты, осы бағыттарды қамтитын еліміздің әр өңірлерінде волонтерларды қолдау орталықтары ашылуда.


Солардың ішінде Ақмола облысы да тыс қалған жоқ. Аталғандай волонтерларды қолдау орталығы, облыстық әкім Ермек Маржықпаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Орталықта әр бағытқа байланысты арнайы кеңес беретін үйлестірушілер қызмет етеді. Сонымен қатар өңір басшысы ресми түрде волонтерлардың қатарына еніп, qazvolunteer.kz сайтына тіркелді.


Ақмола облысында волонтерлік қызметті дамыту мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға «Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Асен Жақсылықов пен өңір басшысының арасында қол қойылды.


Одан әрі, облыстық волонтерлар слеті бастау алды. Слет екі секциядан тұрды. Бірінші секция ресми түрде өтсе, екінші секцияда арнайы шақырылған қонақтар, республикалық волонтерлар орталықтарының басшылары оқыту – семинарын өткізді. Слетқа облысымыздың аудандары мен қалаларынан келген волонтерлары, жастар ресурстық орталықтарының басшылары және тағы да басқа қонақтар қатысты. Волонтерлар орталықтарының басшылары спикер ретінде сөз сөйлеп, өздерінің қызметтері жөнінде көптеген мәліметтермен бөлісті. Атап айтсақ, Целиноград ауданындағы «Жалынды жастар» волонтерлік қозғалысы, Степногорск қаласының «Поколение» іздеу жасағы, «Вера в добро» қоғамдық қорының төрайымы Спиглазова Татьяна, Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының директоры, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерлік орталықтың төрағасы – Омар Шоназаров, «Рахат» волонтерлік орталығының басшысы – Аққу Аманжолова және Қазақстан Медицина жастарының Президенті, хирург-интерн, медицина саласындағы республикалық еріктілер орталығының жетекшісі – Әбдіраш Абылайхан сияқты волонтерлік жолында біраз жылдар бойы жүрген ерекше жандар сөз сөйледі.


Іс-шара аясында, өңір басшысы Ермек Боранбайұлы өз сөзінде:  «Биылғы жыл Президенттің бастамасымен Волонтер жылы деп жарияланғанын барлығымыз білеміз. Ақмола облысының ең белсенді волонтерлерін осы жерде көріп жатқаныма қуаныштымын! Ұлы Абай кезінде «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» - деп қазақ қоғамын, жастарын еріктілік қызметке шақырды. Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы. Шынайы жанашырлық көрсетіп, қиыншылыққа ұшырағанға қол ұшын созу – қазақ халқына тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі. Бүгін, Слет жұмысы барысында, Ақмола облысының волонтерлерді қолдау орталығы ашылды.  Осы арнайы орталықта өте маңызды бастамалар жүзеге асатынына, волонтерлік қызметтің 7 бағытын дамытуға белсенді қатысатындарыңызға сенімдімін. Ақмола облысының еріктілері әртүрлі волонтерлік қозғалыстардың тұрақты белсенді қатысушылары болып табылатыны қуантады. Бүгінгі таңда, сіздердің қатарларыңыз 2 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың  саны күннен күнге өсуде. Құрметті достар, жасап жатқан еңбектеріңіз бен мемлекетіміздің дамуына қосып жатқан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! Ақмола облысының волонтерлері! Біз біргеміз!!! » - деген сеніммен аяқтаған болатын.

Слет соңында, волонтерлар орталықтарын және олардың белсенді мүшелерін облыс әкімінің алғыс хатымен жасаған ерен еңбектері үшін мараппатап,  шара өз мәресіне жетті. 


Ізгі құрметпен, Ақмола облысы

Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы жастар-ресурстық

орталығының баспасөз қызметі

(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4108 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1261 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 860 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена