Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар БҚО: Ассамблея үйінде «Ашық диалог алаңы» атты дөңгелек үстел өтті

БҚО: Ассамблея үйінде «Ашық диалог алаңы» атты дөңгелек үстел өтті

29.06.2020 1577 0


Бұл шараға жас кәсіпкерлер, блогерлер мен еріктілер қатысты. Қатысушылар облыс жастарының инновациялық идеяларын жүзеге асыру арқылы батыс өңірінің әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы айтты.

– Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жас ұрпақты кешенді қолдау мақсатында биылғы жыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Еріктіліктің мәні – адал ниетпен игі іс жасау - біздің ұлттық дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға сәйкес келеді. Еріктілік - бұл жай ғана тегін жұмыс емес, азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын екендігінің көрсеткіші. Осындай мақсатпен біз бүгін де жиналып отырмыз. Біздің қала мен өңірдің ортақ дамуына бірлесіп ықпал ете алатынымызға сенімдімін, – деді облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.


«Ашық диалог алаңы» жобасының авторы, Г.Құрманғалиева филармониясының баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Олжас Сейтімов:

– Біз БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп дайындаған «Жетім балалар» жобасын іске асыру үшін дөңгелек үстел басында жиналып отырмыз. Оның мақсаты – облыстың барлық белсенді жастарын – блогерлерді, кәсіпкерлерді , шоумендерді, еріктілерді біріктіру және олармен бірге өскелең ұрпақты дамыту. Игі істер біздің мәдени бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналады. Елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді, оған 50 мыңнан астам еріктілер қатысады, – деді.


«Фиеста» және «Банана» дүкендер желісінің негізін қалаушы, «УральскРанерс» жүгіру әуесқойлары клубының жетекшісі Асхат Рамазанов, «Орал парк» СҮ директоры Мирас Амағалиев, «Мақсат» Орал медициналық колледжінің еріктілер қозғалысының жетекшісі Дастан Қадыр, БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы, ерікті Дулат Мақатов, қоғамдық тұлға, блогер, танымал шоумен Мұхтар Өтесов, «BLS Lite-show» және «BLS-show» продюсерлік орталығының жетекшісі «PATRIOT» спорт клубы басшысының орынбасары Бауыржан Рахимов, греппингу күресінен жаттықтырушы Наурызбек Туленов жобаны қолдап, балаларға өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы ақпаратты қалай ұсынуға болатынын жеткізді.

Дерек көз: https://assembly.kz/news/b-o-assambleya-yinde-ashy-dialog-ala-y-d-gelek-stel-tti/

Соңғы жаңалықтар
03.07.2025 120 0
Игі істер күнтізбесіндегі тағы бір ерекше күн – 6 шілде – Домбыра күні!
Толығырақ
01.07.2025 229 0
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім беру басталды
Толығырақ
30.06.2025 574 0
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена