Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Нұр-Сұлтан қаласында ғимараттардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін бағалау» жобасына волонтерлерді іріктеу басталды

«Нұр-Сұлтан қаласында ғимараттардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін бағалау» жобасына волонтерлерді іріктеу басталды

16.02.2022 1009 0

Жоба Қазақстанда БҰҰДБ қолдауымен «КАМЕДА» қоғамдық қорымен жүзеге асырылады. Мақсаты Нұр-Сұлтан қаласында әртүрлі мүгедектік санаты бар адамдар үшін қоғамдық ғимараттардың қолжетімділігін кешенді бағалау болып табылады.

Біз сіздерді барлық тұрғындар үшін қалалық кеңістіктер мен қоғамдық орындардың кедергісіз қолжетімділігі қағидатының маңыздылығын бөлісетін команданың мүшесі болуға шақырамыз.

ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:

1)               Волонтерлер қатарына қосылу үшін төмендегі сілтеме бойынша сауалнаманы 2022 жылы 25 ақпанға дейін толтыру керек: https://docs.google.com/forms/d/1cZ9lNpRFwEZSr3ccjEzgYOUVHXvZuG7zJED1sJQ1LMw/edit?usp=sharing 

2)               Келесі талаптарға сәйкес келуіңіз керек:

а)      бағалауды волонтерлік негізде жүзеге асыруға ниет;

б)      18 жасқа толған;

в)      мобильді қосымшалармен жақсы жұмыс істей білу дағдылары, Telegram, WhatsApp, Google-кестелер;

г)       тұрақты мобильді интернеты бар смартфон/планшет;

д)      тексерулерді жүргізу үшін бос уақытыңыздың болуы;

е)      мейірімділік, нәтижеге ұмтылыс.

Ұйымдастырушылар (барлық шарттар сақталған жағдайда) жол шығындары мен тамақтану шығындарын өтейді, оқытушылық нұсқауларын береді. Бағалау аяқталғанда волонтерлерге сертификаттар беріліп, ең белсенділерін жүлделер күтеді!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша (жұмыс уақыты ішінде 9.00-18.00 арасында байланысуларыңызды өтінеміз) байланысуларыңызды сұраймыз: +7 771 050 15 37, +7 7172 32 35 19

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1982 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2712 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2016 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена