Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жазғы волонтерлер мектебі 2024» қалай өткені туралы

«Жазғы волонтерлер мектебі 2024» қалай өткені туралы

23.08.2024 1256 0

20-23 тамыз аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауданы «Aurora Garden» базасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен волонтерлердің Ұлттық фронт-офисі жобасы аясында «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымдастыруымен «Жазғы волонтерлер мектебі 2024» ұйымдастырылды.

 

Мектептің мақсаты – волонтерлік қозғалысқа қатысушылардың бейіні мен жеке әлеуетін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарынан келген волонтерлер қоғамдастығының өкілдерінің өзара әрекеттесуінің бірыңғай өрісін қалыптастыру.

Жазғы мектепке кемінде 1 жыл тікелей волонтерлік қызмет атқарған 40 өз аймақтарының көшбасшы волонтерлері, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың, волонтерлердің аймақтық фронт-кеңселерінің және т.б. үйлестірушілері қатысты.

«Жазғы волонтерлер мектебі 2024» барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптарда оқытулардан өтті, оның ішінде:

·        Волонтерлік негіздері, жобаларды жоспарлау, волонтерлік командаларды құру, бюджеттеу және басқа да маңызды аспектілер.

·        Өзара әрекеттестік желісін құру: Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы волонтерлік бастамалар арасындағы байланыстарды қалай орнатуға болады.

·        Аймақтық волонтерлік фронт-офистердің координаторларын дайындау.

«Жазғы волонтерлер мектебі» жылсайынғы Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты дамыту үшін маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Қатысушылар тек кәсіби дағдылары мен білімдерін арттырып қана қоймай, еліміздің әр аймағынан келген әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады, бұл бүкіл ел бойынша біртұтас және ынтымақты волонтерлік жүйені құруға ықпал етеді.

@qazvolunteer.kz



Соңғы жаңалықтар
17.09.2025 26 0
«ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығына байқау басталды!
Толығырақ
14.09.2025 77 0
Игі істер марафоны жалғасуда!
Толығырақ
12.09.2025 3092 0
Ауылдық жерлердегі волонтерлік: кедергілерді қалай еңсеруге болады?
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена