Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Атырау полицейлері мен волонтерлері қала тұрғындарына ерекше бетперделер таратты

Атырау полицейлері мен волонтерлері қала тұрғындарына ерекше бетперделер таратты

18.08.2020 1177 0

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өзгеше акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге қаладағы ықшам аудандарды, көшелерді аралап, өтіп бара жатқан адамдарға “Есірткіге жол жоқ!” логотипі бар бетперделер таратты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Таганиязовтың айтуынша, акция мақсаты азаматтарға (әсіресе жастарға) есірткінің зияны туралы ақпаратты, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау туралы жеткізу.

– Маскаларды міндетті түрде киюді ешкім де өзгерткен жоқ, бірақ, біз акция барысында бетпердесіз жүргендерді жауапкершілікке тартпай, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін және нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастарға есірткінің зияны туралы да түсіндірдік, – дейді М.Таганиязов.

Жалпы, тұрғындар полиция қызметкерлерінің мұндай бастамасына оң көзқараспен қарап, берілген ұсыныстарды мұқият тыңдап, “қауіпсіздік шаралары нәтижесін береді, жақын арада бұрынғыша өміріміз қалпына келеді” деп ризашылықтарын білдірді.

 Аталған акция Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы аясында өткізілді. Бұл күні атыраулық полицейлер еріктілермен бірге қала тұрғындарына “Есірткіге жол жоқ!” деген логотипімен 1500 бетперде табыстады.

Дереккөз: https://polisia.kz/atyrau-politsejleri-qala-turghyndaryna-erekshe-betperdeler-taratty/ 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена