Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқаудың өтіп жатқаны туралы еске саламыз!

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқаудың өтіп жатқаны туралы еске саламыз!

27.08.2024 1803 0

Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтардыволонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.

Сыйлық адамдарға көмек көрсетуде, қоршаған ортаны қорғауда, білім беру мен мәдениетті дамытуда, төтенше жағдайларды жою кезінде және қоғамдық өмірдің басқа салаларында нақты қызмет атқарған волонтерлер қауымдастығының ең белсенді өкілдерін анықтауға және атап өтуге арналған.

Сыйлық 15 номинация бойынша тағайындалады

1) үздік волонтерлік ұйым;

2) корпоративтік волонтерлік көшбасшы;

3) тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;

4) үздік әлеуметтік көмекші;

5) төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;

6) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;

7) құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;

8) денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;

9) салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;

10) білімді әйгілеудегі үлесі үшін;

11) қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;

12) бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;

13) тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;

14) жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;

15) әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында «Qazvolunteer.kz» сайттында жүзеге асырылады.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары) сайттарынан танысуға болады. 

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420  

Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7 (7172) 741286, 740311 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар
01.08.2025 52 0
Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасуда
Толығырақ
29.07.2025 358 0
Волонтерлік қызметіңізді ресми түрде тіркеуді қалайсыз ба?
Толығырақ
28.07.2025 108 0
Волонтерлік – өмір салты
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена