Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды

02.07.2024 1137 0

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/802228?lang=kk

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2066 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2533 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена