Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ШЫҒЫСТА ВОЛОНТЕРЛІК ДАМУ ҮСТІНДЕ

ШЫҒЫСТА ВОЛОНТЕРЛІК ДАМУ ҮСТІНДЕ

24.12.2021 687 0

Бүгін таңда елімізде ұстаз мәртебесімен еңбегі жоғарғы деңгейде бағалануда. «Біліктілігі жоғары, беделі мықты, қоғамда құрметке бөленген мұғалімдерсіз мемлекеттің жарқын болашағын елестету қиын. Себебі: экономиканың, мәдениет пен тұтастай қоғамның дамуы сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесіне тікелей байланысты. Ұстаз болу – жүректің таңдауы, жанның қалауы. Бұл жұмыс асқан жанкештілік, зор шыдамдылық пен балаларға деген махаббатты талап етеді. Еліміздің бетке ұстар азаматтарын тәрбиелеп, жауапкершілігі мол және абыройлы міндетті атқарып жүрсіздер. Оқушыларыңыздың жеңістеріне қуанып, сәтсіздіктеріне бірге қынжыласыздар, қиналған шақтарында қолдау көрсетесіздер», – дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Шығыста білім саласы бойынша волонтер ұстаздары мен студенттердің саны артып келеді. Саны дегеніміз білікті, білімді ұстаздардың саны. Мәселен, жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысы волонтерлерінің фронт-офисінің волонтерлерімен 19 қалалар мен аудандарда ұжымдық волонтерлік, bilim бағытындағы волонтерлік бойынша онлайн және офлайн форматта волонтер ұстаздар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық, ҰБТ тестке дайындау, химия, физика сынды пәндер бойынша қосымша 3 373 сағат сабақ берді. Барлық өңірлерде 99 волонтер ұстаздар жыл көлемінде 1 1409 мектеп оқушыларына тегін қосымша сабақтар өткізді.

 

Сонымен қатар Шығыста  20 Жастар ресурстық орталықтарында волонтерлік қызметті жүргізетін фронт-офистер  12 бағыт бойынша жұмыс атқаруда.Олар: 93 - «BIRGEMIZ: AYALA», 123 -«BIRGEMIZ: ASYL MURA», 77 -  «BIRGEMIZ: BILIM» , 723 - «BIRGEMIZ: QAMQOR» , 73 - «BIRGEMIZ: SAYLYQ» , 200 - «BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ», 800 - «BIRGEMIZ: TAZA ALEM»,  289 - «BIRGEMIZ: UMIT», 195 - «Медиа - волонтерлік», 215 - «Мәдениет және өнер саласындағы волонтерлік», 32 - «Спорттық және СӨС волонтерлік, әртүрлі спорт түрлеріне», 540 - «Басқа әлеуметтік  волонтерлік».

 

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы волонтерлерінің фронт-офисімен  жыл көлемінде ШҚО бойынша  жалпы саны –3 360 іс-шараларды ұйымдастырды.

Шығыс Қазақстан облысы волонтерлерінің фронт-офисі: @shko_jastar2021

Еркежан Досмухамбетова

Облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 309 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 213 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4314 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена