Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісі бірлескен QauipsizInternet волонтерлік жобасының 2-легіне волонтерлерді іріктеу бойынша байқау жариялайды!

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісі бірлескен QauipsizInternet волонтерлік жобасының 2-легіне волонтерлерді іріктеу бойынша байқау жариялайды!

05.01.2023 1988 0

Алақай, Ұлттық волонтерлік желісі командасы сіздермен байланыста! 😍
ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісі бірлескен QauipsizInternet волонтерлік жобасының 2-легіне волонтерлерді іріктеу бойынша байқау жариялайды.

🍀 Жоба оқушыларға киберқауіпсіздік және медиасауаттылық бойынша дағдыларды үйретуге бағытталған және онлайн форматта өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын барлық волонтерлер шақырылады!
Егерде сіздің жасыңыз 16 мен 35 аралығында болса, өзіңізді интернетте қалай қорғауға болатыны туралы және медиасауаттылық бойынша лайфхактар мен құралдарды білгіңіз келіп басқа адамдармен бөліскіңіз келсе, онда – профильдің сипаттамасына өтіп сауалнаманы толтырыңыз және волонтерлердің үлкен отбасына қосылыңыз!

📌 Назар аударыңыз: сауалнамамен мұқият танысыңыз. Сізге «Мен үшін аталған волонтерлік бағдарламаға қатысу неге маңызды?» деген тақырыпта ұзақтығы 2 минутқа дейін видео түсіру қажет. Басқа видеолардан үзінділерді немесе фото презентацияларды жүктемеуді өтінеміз. Сіздің видеоңызды байқау комиссиясы көретін болады. Видеоңызды кез келген сізге ыңғайлы платформаға (мысалы: ютюб, гугл-диск) жүктеңіз. Видеоның жария болуы шарт емес, ең бастысы сілтеме бойынша ашылса жеткілікті. Егер бұл шарттар сақталмаған болса, өтінімдеріңіз техникалық іріктеуден өтпей қалады.

❗ Байқау 2023 жылдың 22 қаңтарына дейін ашық болады. Іріктеуден өткен қатысушылар тізімі 30 қаңтарда 
Qazvolunteer.kz сайтында жарияланатын болады. Өткізіп алмаңыз!

Бірінші лекке қосылуға үлгермеген волонтерлер бұл сіздердің мүмкіндіктеріңіз!

Жобаның ұзақтығы: қаңтар-наурыз 2022

🔗 Сауалнаманың сілтемесі 🥰
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeOfUl2LGcUlIGE93--A5GXRwe40dcA8AybcTTw7rYcjFNmUQ/viewform?usp=sf_link  

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1983 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2715 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2018 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена