Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Біз Көкшетау, Павлодар және Қарағанды қалаларында 50 жастан асқан күміс волонтер-дәрігерлерді қабылдаймыз!

Біз Көкшетау, Павлодар және Қарағанды қалаларында 50 жастан асқан күміс волонтер-дәрігерлерді қабылдаймыз!

07.10.2021 432 0

2021 жылдың 12 қазанына дейін өтінім беріп үлгеріңіз.⠀


Жобаның мақсаты:

Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің аналарын балалардың ерте даму ерекшеліктері, емізу, тамақтандыру, жоспарлы екпе алу, жақсы ата-ана болу негіздері туралы хабардар ету.


Жобаны кім жүзеге асырады:

Жақсы ата-ана, тамақтандыру және басқа да тақырыптар бойынша ата-аналарға кеңес беретін аға буын волонтер-дәрігерлер (педиатрлар, терапевттер, медициналық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлер немесе зейнеттегі медицина қызметкерлері).


Жоба қашан іске асырылады:

* Қазан айында волонтер-дәрігерлерді 3 күндік офлайн оқыту;

* Дәрістерді өткізу уақыты: 2021 жылдың 25 қазанынан 30 қарашасына дейін;

*Қорытындылау - 2021 жылдың 14 желтоқсанына дейін.


Біз болашақ аналардың денсаулығына қамқорлық жасаймыз және волонтер-дәрігерлердің екпе алуын және вакцинация төлқұжатының болуын сұраймыз.


Сізге жобаға қатысу және өз үлесіңізді қосу қызықты ма?

Ендеше, сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы мұқият толтырыңыз және барлық сұрақтарға адал жауап беріңіз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfVYe-sE-gRY20Ciptdqpl5Sj7JXbJsYQ5XwWTows5BvLiW7Q/viewform?usp=sf_link 

Өтінімдерді конкурстық іріктеу кезеңінен өткен волонтерлердің әрқайсысына 14 қазанға дейін жеке хабарласамыз!

Сіздерді волонтер-дәрігерлер командасында күтеміз!

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 261 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1079 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2962 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена