Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жастар акциясы жалғасты

Жастар акциясы жалғасты

23.07.2020 1368 0

Jas Otan Жастар қанаты ұйымдастырған «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы әр ауданда жалғасып жатыр. Оның аясында Жаңақорған аудандық филиалының еріктілері адам өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын жеткізіп, арнайы әзірленген «Денсаулық» себетін тапсырды.

Пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, талай жанды ажалдан арашалап қалған сала өкілдеріне жастар аты­нан алғыс білдіру шарасына «Авто-лидер» компаниясының жетекшісі, жас кәсіпкер Нұрболат Ибраев қолдау танытты.

– Осының алдында Қазалы ауданында өткен шара Жаңақорғанда жалғасып жатыр. Алда облыс орталығында ұйымдастырамыз. Әрине, дерттің дендемеуіне барын салып, әр науқастың өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлерге қандай құр­мет көрсетсек те жарасады. Осы сала өкілдеріне ар­нал­ған шараны өткізуде аймақ еріктілерінің ықыласы ерекше болып отыр, – дейді Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әлішер Қардашов.

Өздеріне көрсетілген құрметке дәрігерлер де алғысын жеткізіп, індетті ауыздықтауға жұмылған жастар бастамасына сәттілік тіледі.

Дерек көз: https://egemen.kz/article/242997-zhastar-aktsiyasy-dgalghasty 

Соңғы жаңалықтар
30.05.2026 190 0
«Өзгенің қайғысына бейжай қарамау»: зооволонтер Светлана Жумабаевамен сұхбат
Толығырақ
22.05.2026 1073 0
Әрбір үшінші қазақстандық экологиялық акцияларға қатысады
Толығырақ
18.05.2026 1456 0
«Зооволонтерлікті дамыту», « Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» және «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыттары бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена