Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақтау жастары «Жеңіс» жобасы аясында ардақты ардагерлерімізбен кездесті

Ақтау жастары «Жеңіс» жобасы аясында ардақты ардагерлерімізбен кездесті

01.01.2023 1701 0

2022 жылдың желтоқсан айының 2-сі күні «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар қорының қолдауымен, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен және Ақтау қалалық әкімдігіне қарасты «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы «Мәдени демалыс кешені» КММ жастары бірлесе «Жеңіс» жобасы аясында ардақты ардагерлерімізбен кездесіп, оларға құрмет көрсетті.


Аталған жоба аясында жастар Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріміз Найденова Надежда Васильевна, Колоколова Ольга Тимофеевна, Петренко Татьяна Сергеевна, Дементьев Валентин Алексеевич, Дементьева Капитолина Алексеевна, Сухорукова Валентина Федоровна, Шлятина Раиса Адыевна, Ажищенко Клавдия Александровна, Боқаев Бисен Рахметұлы, Грузинцева Лидия Григорьевна, Савченко Александра Владимировна, Нечаевна Тамара Ивановна, Котенко Анна Андреевна, Нурымулы Килымгали және Лавренова Валентина Васильевнаның үйлеріне барып хал-жағдайын біліп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етті.


Ардагер ата-әжелеріміз жастарымызды ыстық ықыластарымен қарсы алды. Бұл жобаның арқасында жас ұрпақпен ардагерлердің арасында ерекше қарым-қатынас орнағаны анық. Кездесу барысында ата-әжелеріміз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CmI6VjhshGf/

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена