Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы корпоративтік волонтерлік туралы

Мемлекет басшысы корпоративтік волонтерлік туралы

28.06.2020 1615 0

"Барлық жобаларды мемлекеттік органдармен және бизнеспен тығыз байланыста жүзеге асыру қажет.

Биылғы жылдың күн тәртібі корпоративтік волонтерліктің дамуына елеулі серпін береді деп есептеймін.

Кәсіпкерлерді Волонтер жылының іс-шараларын іске асыруға белсенді қатысуға шақырамын.

Әрине, волонтерлік бастамаларды ілгерілетуде және белсенділер үшін барлық жағдай туғызуға тиісті атқарушы органдар маңызды рөл атқаруы тиіс. Барлық атқарушы органдардың басшыларына тапсырма бердім деп есептеңіз.

Бірінші кезекте, мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері осы бағыттағы мысалдарды көрсетуі керек. Жұмыс аптасының шеңберінде бірнеше сағатты қоғамға түрлі салаларда тегін көмек көрсету маңызды.

Волонтерлік қызмет мемлекеттік және жеке компаниялардың жұмыс мәдениетінің бір бөлігі болуы, сондай - ақ «әлеуметтік лифтілер» құру үшін мүмкіндіктер ашуы тиіс, бұл өте маңызды» , - деді Мемлекет басшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Birgemiz" волонтерлер республикалық Фронт-офисінің ашылу салтанатында.

Биылғы жылы "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты шеңберінде "Корпоративтік волонтерлікті дамытудың оң тәжірибесін зерделеу және конференция өткізу" жобасын жүзеге асыруда екенің естеріңізге саламыз.


Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3165 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2888 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2448 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена