Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Qazvolunteer.kz - волонтерлер әлеміне медиа терезе

Qazvolunteer.kz - волонтерлер әлеміне медиа терезе

04.08.2021 621 0

Бүгін сіздерге біздің платформамыздың артықшылықтары туралы айтып бергіміз келеді.

QazVolunteer.kz бұл – волонтерлер қозғалысын дамыту және насихаттау мақсатында бүкіл елдің волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарын біріктіретін заманауи алаң.

Онлайн платформаның ресми тұсаукесері 2019 жылғы 29 сәуірде Орталық Коммуникациялар Қызметінде өтті. Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ грантының қолдауымен "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ-мен бірлесіп әзірледі.

Платформа мына бөлімдерден тұрады:

- Басты бет

- Волонтерлер

- Birgemiz

- Жаңалықтар

- Ұйымдар

- Жобалар

- Есептер

- Біз туралы

- Байланыстар.

Басты бетте бүкіл платформаның қысқаша мазмұны және сайттың барлық бөлімдерінің қысқаша мазмұны қамтылған. Сондай-ақ, негізгі компоненттер:

Волонтерлерге арналған тіркелу

Ұйымдар, волонтерлік қозғалыстарға арналған тіркелу

Платформада тіркелу өте қарапайым және көп уақытты қажет етпейді: волонтерлерге тіркелу кезінде аты, тегі, электрондық поштасы сияқты деректерді толтыру керек және ерекше пароль ойластыру  керек.

Ұйымдар мыналарды толтыруы керек: ұйым атауы, электрондық поштасы және пароль.

Одан кейін Пайдаланушылардың жеке кабинеті ашылып, қалған деректер толтырылады.  Волонтерлер өздері және волонтерлік тәжірибесі туралы жазады. Олар өздеріне ұнайтын волонтерлік бағытты таңдайды.

Ұйымдар өздері туралы кеңейтілген ақпаратты көрсетеді: нақты және заңды мекен-жайы, қызмет түрі, бағыты, ұйым туралы, тәжірибесі, құрылған жылы және басқа ақпарат.

Барлық пайдаланушылар үшін ақпаратты мүмкіндігінше көлемді және сапалы толтыру маңызды. Өйткені, кейінірек өзіңіздің волонтерлік түйіндемеңізді жүктеуге болады. Тіркелгеннен кейін сіз бүкіл платформаның артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз. Волонтерлер мен жобаларды іздейсіз!

Ұйымдар жобалар жасап, олар туралы барлық ақпаратты толтырады. Мысалы, жоба іске асатын өңір, қанша волонтер керек, бағыты. Ал волонтерлер Жобалар бөлімін ашып, қызығушылық танытатын жобаны таңдап, өтініш береді.

Бұл платформаның негізгі бағыты – волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру!

Бүгінгі таңда платформада 48 479 волонтер және 3 323 ұйым, сондай-ақ, 1023 жоба тіркелген.

Платформадан тағы не табуға болады?

Бағыттар бойынша ақпарат, тұрақты даму мақсаттары туралы, есептер, волонтерлік жобалар картасы, волонтерлер тарихы, ЮНИСЕФ-тегі волонтерлік, халықаралық волонтерлік, Birgemiz шеңберіндегі жобалар және біздің кітапхана. Кітапхана платформада ерекше орын алады, өйткені ол білім беру функциясын орындайды. Мұнда волонтерлік саласындағы зерттеулер, әдістемелік құралдар, инфографикалар, кітаптар және басқа да материалдар жинақталған.

Зерттеңіз! Дамыңыз! Бізбен бірге жақсылық жасаңыз! 

Авторы: Александра Крашинина 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 288 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1118 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2988 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена