Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар MAKE IT GREEN немесе 1 волонтерлік жоба арқылы қоршаған ортаға және жануарларға қалай көмектесуге болады?

MAKE IT GREEN немесе 1 волонтерлік жоба арқылы қоршаған ортаға және жануарларға қалай көмектесуге болады?

28.10.2021 960 0

Көптеген адамды не шабыттандыруы мүмкін деген сауалға жауап іздегенде волонтерлер мен олардың қызметтері туралы есімізге түседі. Біз табиғатты және волонтерлерді өте жақсы көреміз, сондықтан бүгін сізге өте керемет волонтерлік жоба туралы айтуға шешім қабылдадық және бұл бүгін сізді шабыттандыруы мүмкін.

@makeitgreenkz- бұл қайталама шикізатты жинауға және эко-саналылық мәселесінде оқыту тренингтерін өткізуге бағытталған экологиялық жоба. Жобаны қайта іске қосудың алдында басты мақсат эко-шаралар, Instagram-дағы посттар мен тренингтер өткізу арқылы ресурстарды саналы тұтыну мәселесінде хабардарлықты арттыру болды. Қазір Алматы қаласындағы "Teenergizer" жастар орталығының аумағында ай сайын қайталама шикізат жиналады. Қайталама шикізатты тапсырудан алынған барлық қаражат "Жаңа Дүние" Қайырымдылық қорының "Пушистые Сердца" жобасының жұмысына жұмсалады. Жақын арада жобаны Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосу жоспарлануда.

Жобаны Балалар құқықтары жөніндегі клубтың жетекшісі @sezin_qz және @kz_nvs жобаларының волонтері  Дана Жамалбек құрды.

Дана бізге жобаны құру идеясының қалай пайда болғандығы туралы айтып берді:

"Жоба идеясы карантиннен біраз уақыт бұрын пайда болды: жасөспірімдердің экологиялық бастамасын құру өте қиын әрі міндетті түрде тәуекелге бару керек болып көрінді. Біз көптеген жасөспірімдердің эко-із, zero waste және саналы тұтыну не екенін білмек түгілі, олар туралы қызығушылық танытудан да қорқатынын түсіндік. Осылайша, біз бірінші кезекте кішкене шарадан, яғни, сенбілік ұйымдастырудан бастауды ұйғардық, ал бірнеше сенбіліктен кейін біз экология саласындағы мамандардың тренингтерін өткізе бастадық. Қазіргі уақытта біз ірі экологиялық іс-шара - саналы тұтыну фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз".

Авторы: Александра Крашинина

@alexandrakrashinina

Соңғы жаңалықтар
30.03.2026 33 0
Қоғамның волонтерлік салаға сенім деңгейін бағалау
Толығырақ
30.03.2026 37 0
ҚТЖ корпоративтік волонтерлігі: қызметкерлердің қоғамға қосқан үлесі
Толығырақ
18.03.2026 33 0
Шекарасыз волонтерлік: халықаралық тәжірибе үшін үздік сайттар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена