Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Көмек көптік етпейді

Көмек көптік етпейді

05.08.2020 975 0

Қауіпті індетке шалдыққандарды емдеуде ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге қолдау білдіруші көп. Солардың қатарына Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамбеясы филиалының мүшелері мен еріктілері де қосылып, игіліктің істің ортасынан табылды.

Ассамблея құрамындағы этнос өкілдері «Біз біргеміз» акциясы аясында «Сұлтан», «Ізмағанбетов», «Дәурен» жеке шаруа қожалықтарының басшыларымен бірге №2 облыстық инфекциялық аурухана мен өкпе аурулары диспансерінде ашылған провизорлық бөлімнің 135 медицина қызметкеріне 5 литр шұбат, сиырдың 40 литр, ешкінің 5 литр сүтін, 35 кило қияр жеткізді.

Сондай-ақ Ассамблея еріктілері мен өзге ұлт өкілдері «Атырау дәрі-дәрмектері» чатын ашып, арзан әрі қажетті дәрі-дәрмектер бар дәріханалар, көмек алу нысандары жөнінде күнделікті ақпарат беруде. Бұл чатқа қосылған 600-ге жуық тұрғынның 40 пайызы қажетті дәрілерін тапқан. Аталған топта тегін дәрі-дәрмек таратып жүрген еріктілер де бар. Олар көмекке мұқтаж 27 отбасына көмек көрсетті. «Атырау дәрі-дәрмектері» чатының тіркелушілері артық дәрілерін өзге тұрғындарға тегін ұсынады. Кейбірі бір-бірімен алмастыруда.

Ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі, «Сарайшық» шаруа қожалығының директоры Тамилла Розметова облыстық аурухананың 150 медицина қызметкеріне ешкінің 20 литр сүті мен айран, ірімшік, сүзбе, йогурт өнімдерін әкеліп берді. Ал Атырау облысы ҚХА Қо­ғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұқанов «Атырау Рауан» қоғамдық қорымен бірлесе облыстық, инфекциялық ауруханаларға, өкпе ауруларын емдейтін диспансерге, жеті аудандағы орталық ауруханаларға 17 млн теңгеге сатып алынған оттегі концентраторының 100 данасын табыстады.

Дерек көз: https://egemen.kz/article/244308-komek-koptik-etpeydi 

Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 864 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2814 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1430 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена