Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Халықаралық сапарға барғыңыз келе ме? Ендеше өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

Халықаралық сапарға барғыңыз келе ме? Ендеше өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

15.10.2021 1223 0

Ұлттық волонтерлік желі "Қазақстанның мүдделерін әлемдік деңгейде ілгерілету мақсатында волонтерлік ұйымдардың халықаралық диалог алаңдарына қатысуы" жобасы аясында волонтерлерді іріктеу конкурсын бастайды.

Конкурсқа мынадай критерийлерге сай келетін волонтерлер, волонтерлік ұйымдардың жетекшілері, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік саласындағы сарапшылар қатыса алады:

-өтінім берген сәтте волонтердің кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы (2015-2021 жылдар кезеңі қаралады).

- волонтердің жасы 18 жастан жоғары болуы керек;

- волонтер Qazvolunteer.kz платформасында тіркелуі және сауалнаманы толтыру кезінде ID-кодты көрсетуі керек;

ҰВЖ серіктесі болып табылатын ұйымның және/немесе волонтерлердің аймақтық фронт-офисінің ұсыным хаты волонтерге артықшылық береді.

Сауалнамаларды жинау 2021 жылдың 24 қазанына дейін жалғасады.

Конкурстық (техникалық және сараптамалық) іріктеу 2021 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады.

Жеңімпаздарды жариялау 2021 жылдың 28 қазанында өтеді.

Конкурс ережесімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://taplink.cc/kz_nvs  

Толтырылған өтінімді "Халықаралық сапар жөніндегі конкурс" атауымен электрондық поштаға жіберу қажет.

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1988 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2718 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2024 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена