Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Халықаралық волонтерлер Форумының қатысушылары мен қонақтары халықаралық волонтерліктің даму маңыздылығын талқылады

Халықаралық волонтерлер Форумының қатысушылары мен қонақтары халықаралық волонтерліктің даму маңыздылығын талқылады

20.06.2023 919 0

Астанада 20 маусымда Халықаралық волонтерлер форумы аясында «Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» сессиясы өтті.

Сессия аясында ірі шетелдік ұйымдардың өкілдері: АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы хатшысының орынбасары Дәурен Абаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, UNFPA өкілділігінің Басшысы, Түрікменстан мен Қырғызстандағы еларалық директоры Ронни Линдстром, БҰҰЕ аймақтық маманы Эмилия Асадова, Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы әйелдер кәсіпкерлігі бойынша маман, Финляндия Катариина Йарви, Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және басқалар сөз сөйледі.

Пікірталас барысында Форум қатысушылары халықаралық волонтерліктің дамуы, оның практикалық тәсілдері мен халықаралық волонтерлік бастамаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Сарапшылар халықаралық волонтерліктің белсенді дамуын атап өтті.

Мәселен, БҰҰ даму бағдарламасымен жұмыс аясында 7 қазақстандық волонтер Иордания, Кения, Тайланд пен Түркиядағы БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында жұмыс істеді. Жүргізілген жұмыс біздің елге волонтерлік қызмет саласында әлемдік оң тәжірибені енгізуге мүмкіндік берді.

Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлік кеңестің халықаралық ынтымақтастығы дамуда. 

Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы бірлесіп  Қазақстанда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған «Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын» жариялау туралы бастамасын ілгерілету бойынша Жол картасының жобасы әзірленді.

Бұл бастама түрлі халықаралық диалог алаңдарында, атап айтқанда Ресей, Тайланд, Қытай мен Түркияда өткізілген іс-шаралар аясында талқыланды.

(с) ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 198 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1010 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2917 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена