Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық бақта ағаш отырғызу кезінде волонтерлермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық бақта ағаш отырғызу кезінде волонтерлермен кездесті

23.04.2022 1335 0

🌳 Бүгін Мемлекет басшысы «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. «Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек», – деді Президент.

– Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Волонтерлер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіретіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

🌿 Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.

Дереккөзі: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1984 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2717 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2021 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена