Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысындағы төтенше жағдай орнында волонтерлер қалай көмек көрсетті

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай орнында волонтерлер қалай көмек көрсетті

06.09.2021 845 0

26 тамыз күні Жамбыл облысының аумағындағы әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасындағы өрттен туындаған жарылыстар орын алды. Нәтижесінде бейбіт тұрғындарға үлкен залал келтіріліп, адамдар қайтыс болды. Бұл жерде халыққа көмек көрсету және залалды қалпына келтіру мақсатында көптеген қызметтер жұмыс істеді және әлі де жұмыс жасап жатыр.

Жанашыр азаматтардың арасында волонтерлерді де көруге болады. Жалпы алғанда, олар қиындықтардан қорықпай, осындай қиын кезеңде халыққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Біз оқиға орнында волонтерлікпен айналысу қалай екенін білуді ұйғардық. Өйткені, мұндай қиындықтарды екінің бірі жеңе алмайды.

Абайұлы Абылай, 19 жастағы жігіт. Тараз қаласында тұрады және оқиды. Дулати университетінің студенті. Мобилографиямен айналысады. Ол волонтерлікпен мектептен бастап 4 жылдан бері айналысады.

Абылай:

Мен, шынымды айтсам, бұған назар аудармадым, не болып жатқанын білмедім. Сол күні мен Астанаға зат салып жібермек болып, таксиге міндім.. Мен такси жүргізушісімен сөйлесіп, қашан жететінімізді білгім келді. Содан кейін ол маған әскери бөлімде жарылыс болғанына байланысты айналма жол арқылы жүретіндіктен, қашан жететінімізді білмейтінін айтты. Мен таңғалдым. Әлеуметтік желілерге кірсем, ол жерде барлығы шулап жатыр. Мен бірден аспанға қарадым, аспан қып-қызыл!!

Кейінірек үйге қайттым. Үйлестірушіміз қоңырау шалып, бізге волонтерлер керек деді. Неге екенін сұрағанымызда, ол Байзақ ауданында адамдарды қауіпсіз жерге көшіру басталды, біз оларды мектепке, содан кейін колледжге орналастыруымыз керек деп жауап берді! Қоңырау шалғаннан кейін біз белсенді волонтер достарымызбен жиналып, сол жерге бардық. Түнгі уақытта біз бесінші мектепке жеттік. Ол жерде волонтерлер жеткілікті болды, шамамен 20 шақты волонтер. Сондықтан біз такси шақырып, колледжге бардық. Біздің қолымыз тимегені соншалық, тамақ жөнінде мүлде ұмытып кеттік, қарнымыз ашқан жағдайда да тамақтануға уақыт болмады. Бізге қаланың BMW клубы да көмектесті.

Біздің басты мақсатымыз Байзақ ауданының барлық тұрғындарын қауіпсіз жерге орналастыру, содан кейін қажетті көмек көрсету болды. Мысалы, кейбір адамдарда шок болды, біз оларға тамақ, қажетті дәрі-дәрмектер алып, олармен сөйлестік. Мұндай жағдайларда бір-біріне қолдау көрсету керек. Орналастыру кезінде біз таңғы сағат 4-ке дейін ұйықтамадық.

Мен адамдарға Мейірімді болайық деп айтқым келеді! Егер біреу қиындыққа тап болса, барлық күш-жігеріңізбен қолдау көрсетіңіз, біздің қай қоғамда өмір сүретініміз және болашағымыз осыған байланысты. Бүгін сіз оған көмектестіңіз, ертең сіздің жақсылығыңыз өзіңізге екі есе оралады #МейірімдіБол!

Авторы: Александра Крашинина @alexandrakrashinina 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 557 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1363 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3192 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена