Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Орталық Азия елдерінің жастар ұйымдарының өкілдеріне арналған өңірлік форум қалай өтті

Орталық Азия елдерінің жастар ұйымдарының өкілдеріне арналған өңірлік форум қалай өтті

21.11.2021 913 0

18-20 қараша аралығында Алматы қаласында "Луч Света" @spotlightinitiative жаһандық бастамасының өңірлік бағдарламасы шеңберінде Орталық Азияның барлық елдерінің жастар ұйымдарының/ҒЗО өкілдеріне арналған өңірлік форум өтті!

🔶 Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері офлайн форматта қатысты. Іс-шараға онлайн режимінде Түркіменстан өкілдері қосылды.

Форумның мақсаты - гендерлік зорлық-зомбылық пен зиянды практикаларға қарсы әрекет ету және олардың алдын алу бойынша жастар ұйымдарының әлеуетін арттырып, білімдерін жақсарту болып табылады.

🔶 Қатысушыларды Еуропалық Одақ пен ЮНФПА өкілдері, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханым  құттықтау сөзімен қарсы алды.

🔶 Сондай-ақ, форум аясында қазақстандық режиссер-документалист Катя Суворова сөз сөйледі. 🤩 Оның Арал тұрғындары туралы дебюттік "Завтра море" деректі картинасы әлемдегі ең танымал стриминг Netflix сатып алған алғашқы қазақстандық жоба атанды. Ол әлеуметтік маңызды мәселелерді деректі кино арқылы жеткізу тәжірибесі мен әдістерімен бөлісті.

🔶 Qazvolunteer.kz платформасының менеджері, Қазақстан ҰВЖ және ЮНИСЕФ-тің "Балалар құқықтары жөніндегі клубтар" ұлттық волонтерлік жобасы бойынша кеңесші, "BestforKids" ҚҚ кіші сыныптармен жұмыс бойынша үйлестіруші @BestforKids Александра КРАШИНИНА Қазақстан атынан келген делегаттардың ішінде болды.

Екі күндік бағдарламаның соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды

Бұл жобаны @unfpakaz қолдауымен IDEACA жүзеге асырады

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты бірге тоқтатайық! 🧡

#SpotlightEndViolence #OrangeCentralAsia 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена